Адалдық, кәсібилік және жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі

Алматы қаласының Әуезов ауданында мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Еркеболат Нұржігітов және мемлекеттік қызмет ардагері Б.К. Камалов қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің азаматтарға бағдарлануын арттыру, заңнама талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің мінсіз беделін қалыптастыру мәселелеріне баса назар аударылды.

Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жолын кесу, құқықтық сауаттылықты арттыру және тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері түсіндірілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға, мүдделер қақтығысына, қызметтік жағдайын жеке мақсаттарда пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін өзге де әрекеттерге жол берілмейтіні ескертілді.

Кездесудің жеке бөлімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға арналды. Мемлекеттік қызметшілерге белгіленген тыйымдар мен шектеулерді, сондай-ақ заңдылық, әділдік, ашықтық және адалдық қағидаттарын мүлтіксіз сақтау қажеттігі атап өтілді.

«Адал азамат» жол картасын іске асыру аясында кездесу қатысушыларына заманауи мемлекеттік қызметшінің бейнесінің негізін құрайтын құндылықтар: патриотизм, кәсібилік, адалдық және мінсіз бедел туралы түсіндірілді.

Талқылау барысында адалдыққа, жауапкершілікке және парасаттылыққа негізделген әділетті қоғам қалыптастыру мәселелеріне ерекше орын берілді. Мемлекеттік қызметшілерге әрбір қызметкердің жеке үлгісі азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейіне тікелей әсер ететіні ескертілді.

Сонымен қатар, әріптестер арасындағы қарым-қатынаста қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері қаралды. Мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілерді кемсітуге, қысым көрсетуге, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғушылықтың кез келген түріне жол бермейтін қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастырудың қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ ойын мекемелеріне баруға жол берілмейтіні және қызметтен тыс уақытта белгіленген мінез-құлық қағидаларын сақтау қажеттігі ескертілді.

Кездесу «сұрақ-жауап» форматында өтіп, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын қолдануға қатысты қызықтырған мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.

Кездесу соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті екені тағы да атап өтілді. Әрбір мемлекеттік қызметші заңнама талаптарын сақтау үшін жеке жауапкершілікті сезініп, принципшілдік пен адалдық танытуы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеуі және өзінің мінез-құлқы арқылы азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуы тиіс.

Осындай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, парасаттылық мәдениетін нығайтуға және ең алдымен азаматтар мен мемлекеттің мүдделеріне бағдарланған кәсіби мемлекеттік қызметшілер корпусын қалыптастыруға ықпал етеді.

_____________________

Честность, профессионализм и ответственность – основа государственной службы

В Ауэзовском районе Алматы состоялась встреча с государственными служащими,...

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, ұлттық...

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...

ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰЛЫ ПАРЫЗ

5 қазан – Ұстаздар күні мерекесіне орай Қызылорда облысы...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРА

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғамның тұрақты дамуы...