Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде 30-ға жуық сотталғанның қатысуымен киберспорттан турнир өтті.

Жарыс мазмұнды бос уақытты ұйымдастырудың бір түрі ретінде өткізіліп, қатысушыларға жылдам әрекет ету, стратегиялық ойлау, зейін қою және командалық жұмыс дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берді.

Турнир барысында қатысушылар белгіленген ережелер мен тәртіп нормаларын сақтай отырып, жеңіске деген ұмтылыс пен спорттық жігер танытты. Мұндай іс-шаралар сотталғандардың сындарлы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға және бос уақытын пайдалы әрі ұйымдасқан түрде өткізуіне ықпал етеді.

«Біз үшін бұл тек жарысып қана қоймай, бір-бірімізбен еркін жағдайда қарым-қатынас жасауға берілген мүмкіндік болды. Өз реакциямыз бен тактикамызды сынап көру қызықты болды. Осындай турнирлер бос уақытты тиімді өткізуге көмектеседі», – деді сотталғандардың бірі.

«Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезінде сотталғандардың қызығушылықтары мен заманауи әуестіктерін ескеру маңызды. Киберспорт ұйымдастырылған түрде зейінді, ұстамдылықты, шешім қабылдау және командада жұмыс істеу қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз – бос уақытты мазмұнды өткізуге және сотталғандардың мінез-құлқындағы оң өзгерістерге ықпал ететін жағдай жасау», – деп атап өтті сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ермек Рахимов.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан атап өтілді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...