Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні қарсаңында сотталғандарға білім беріп жүрген педагогтерді мерекемен құттықтады.

Мекеме қызметкерлері ұстаздарға кәсібилігі, төзімділігі және сотталғандарға білім мен тәрбие беруге қосқан үлесі үшін алғыстарын білдірді. Іс-шара барысында педагогтерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Сотталғандар да мерекелік құттықтауға қосылып, ұстаздардың еңбегі мен берген біліміне ризашылық белгісі ретінде өз қолдарымен жасаған картинаны сыйға тартты.

— Мекемедегі педагог еңбегінің маңызы ерекше. Білім алу және кәсіби дағдыларды меңгеру сотталғандардың дамуына ықпал етіп, оларды босатылғаннан кейінгі өмірге бейімделуге дайындайды, — деп атап өтті мекеме өкілдері.

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...

Құқықтық қолдау және ресоциализация: «Антарес» қоғамдық қоры сотталған әйелдермен кездесу өткізді

Әлеуметтік бейімдеу және құқықтық ағарту бағдарламасы аясында «Антарес» қоғамдық...