МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТАЛАПТАР

2026 жылғы 1 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа редакциядағы Заңы қолданысқа енгізілді

Заң мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға, кәсібилікті нығайтуға, ашықтық пен есептілікті қамтамасыз етуге, сондай-, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. Заң мемлекеттік қызметке кіру, оны өткеру және тоқтату тәртібін жетілдіруді, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесін, әдеп нормаларын және жауапкершілігін нақтылауды көздейді.

Осыған байланысты мемлекеттік органдарда заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Түсіндіру барысында қызметкерлерге жаңа заңның негізгі жаңашылдықтары, мемлекеттік қызмет қағидаттары, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, әдеп талаптары, мүдделер қақтығысының алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау және қызметтік тәртіп мәселелері жан-жақты түсіндіріледі. Сонымен қатар азаматтарға бағдарланған мемлекеттік басқару қағидаттары, ашықтықты қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі талаптарға ерекше назар аударылады.

Түсіндіру жұмыстары барысында қызметкерлердің сұрақтарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауаптар беріліп, жаңа нормаларды тәжірибеде дұрыс қолдану жөнінде әдістемелік ұсынымдар жеткізіледі.

Мемлекеттік қызметшілерге заң талаптарын мүлтіксіз сақтау, қызметтік әдепті ұстану, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, азаматтардың өтініштерін заңда белгіленген мерзімдерде сапалы қарау және мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға бағытталған мінез-құлық қағидаларын сақтау қажеттігі атап өтіледі.

Бүгінге таңда заңнаманың талаптарын сақтау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары тұрақты негізде жалғастырылып, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

                        МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің тұрақты дамуына кері әсер ететін...

Медиация – тараптарды татуластырудың қуатты құралы

Дауласқан екі тараптың дәйегін сабырлықпен тыңдап, екі жақтың да...

Неке бұзылған кездегі отбасындағы кәмелетке толмаған балалардың жағдайы

          Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған...

Семья, школа и общество

ВО ВСЕХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ДО КОНЦА СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА...

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...