Алматыда қазақ киносының тарихына арналған саябақ бой көтереді 

Алматыда отандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік – «Қазақфильм» кинематография саябағын құру жоспарланып отыр. Қазір жобаның тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Саябақта тақырыптық аймақтар мен серуендеу аллеялары, интерактивті және мультимедиялық инсталляциялар, ашық аспан астындағы кино көрсетілімдеріне арналған амфитеатр, балалар және демалыс орындары болады.

Жобада Қазақстан киносының тарихын заманауи форматта таныстыру көзделген. Келушілер отандық кинематографияның дамуы, танымал фильмдер мен еліміздің мәдени мұрасы туралы ақпарат ала алады.

Сонымен қатар саябақта кино көрсетілімдері, тақырыптық кездесулер және мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланған. Жоба жүзеге асқан жағдайда, Алматыда қазақстандық кино тарихын таныстыратын жаңа қоғамдық кеңістік пайда болады.

Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Елімізде пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты

Өңірлер бөліністе пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына тиесілі.

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...

Жол ережесін қайта-қайта бұзғандар куәлігінен бір жылға айырылуы мүмкін 

Қазақстанда жол ережесін бірнеше мәрте және өрескел бұзған жүргізушілердің куәлігін бір жылға тоқтатуды көздейтін баллдық жүйе пысықталып жатыр.