Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа тәртіпке сәйкес, осы уақыт аралығында Мансап орталығының мамандары азаматтың еңбек тәжірибесін, білімін және кәсіби дағдыларын жан-жақты зерделеп, оған лайық бос жұмыс орындарын ұсынады. Қажет болған жағдайда жұмыс берушілермен де байланыс орнатылады.

Егер азаматқа сәйкес келетін жұмыс орны 13 күн аяқталғанға дейін табылса, белгіленген мерзімнің аяқталуын күтудің қажеті жоқ.

Вакансия таңдаудан бөлек, жұмыс іздеп жүрген азаматтарға кәсіби оқыту, субсидияланатын жұмыс орындары және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылуы мүмкін.

Жұмыс іздеуші ретінде тіркелудің алғашқы қадамы – Мансап орталығына жүгіну немесе eGov порталы мен Enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы өтініш беру.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.