Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет

Қоғамның дамуы мен мемлекеттің тұрақтылығы ең алдымен заңның үстемдігіне, әділдік пен адалдық қағидаттарының сақталуына байланысты. Ал сыбайлас жемқорлық – осы құндылықтарға кері әсер ететін, қоғамның дамуына кедергі келтіретін келеңсіз құбылыс.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті деп қарауға болмайды. Бұл – қоғамның әрбір мүшесіне қатысты ортақ жауапкершілік. Себебі жемқорлықтың алдын алу ең алдымен адамның өзінен, оның заңға деген құрметінен және адалдықты өмірлік ұстаным ретінде қабылдауынан басталады.

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оның себептері мен жағдайларын анықтап, жоюға ерекше мән берілуде. Бұл бағыттағы жұмыстың маңызды бөлігі – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз – заң талаптарын сақтау ғана емес, кез келген заңсыз әрекетке бейжай қарамау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, адал еңбек ету және жеке пайдадан қоғамдық мүддені жоғары қою.

Бұл ретте сот жүйесіне жүктелетін жауапкершілік айрықша. Сот – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін маңызды мемлекеттік институт. Сондықтан сот қызметіндегі заңдылық, әділдік, ашықтық және адалдық қағидаттарының сақталуы қоғамның сот жүйесіне деген сеніміне тікелей әсер етеді.

Сот қызметкерлері өздерінің күнделікті жұмысында заң талаптарын қатаң сақтап, кәсіби әдеп нормаларын басшылыққа алуы тиіс. Қызметтік міндеттерді адал орындау, азаматтарға құрметпен қарау, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдаланбау және мүдделер қақтығысына жол бермеу – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды шарттары.

Кей жағдайда адамдар сыбайлас жемқорлықты тек пара алу немесе беру деп түсінеді. Алайда оның алдын алу әлдеқайда кең ұғымды қамтиды. Қызметтік өкілеттікті жеке пайда үшін пайдалану, туыстық немесе жеке байланыстар арқылы артықшылыққа ие болуға ұмтылу, белгіленген тәртіпті айналып өту сияқты әрекеттер де қоғамдағы заң мен әділдік қағидаттарына нұқсан келтіреді.

Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жазалау шараларымен қатар, оның алдын алу жұмыстарына да басымдық берілуі қажет. Әрбір азамат заңды өзіне кедергі ретінде емес, өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын маңызды құрал ретінде қабылдауы керек.

Адал қоғам құру бір күнде жүзеге аспайды. Ол әр адамның күнделікті таңдауларынан қалыптасады. Жұмыс орнында өз міндетін адал орындау, заң талаптарын сақтау, әділдікке ұмтылу және заңсыз әрекетке жол бермеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің нақты көрінісі.

Бүгінгі таңда қоғамның басты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпаққа адалдық пен әділдіктің маңызын түсіндіру. Адал еңбек ету, өзгенің құқығын құрметтеу, заңды сақтау сияқты қарапайым құндылықтар бала кезден қалыптасса, болашақта сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениеті де берік орнығады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттің ғана емес, барша қоғамның ортақ ісі. Заңға құрметпен қарап, адалдықты басты қағида еткен әрбір адам осы бағыттағы жұмысқа өз үлесін қосады.

Әділетті қоғам құрудың негізі – заңға бағыну ғана емес, адалдықты таңдау. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті әрқайсымыз өзімізден бастап, қоғамның тұрақты дамуы мен болашағына жауапкершілікпен қарауымыз қажет.

А. Жубатханов, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

Тау кластері: Алматының жаңа туристік бренді

Алматы – табиғаты мен заманауи қалалық инфрақұрылымы үйлескен бірегей...

Объемы услуг почтовой и курьерской деятельности выросли на 1,1%

За январь-август 2026 года в Казахстане объем оказанных услуг...

ӘРПК-нің ерекшеліктері

Қазіргі таңда мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынаста заңдылық пен...

Almaty Superski: Алматыдағы тау туризмін дамытудың жаңа кезеңі

Алматының таулы аймақтары туризмді дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде...

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне жеті жыл өтті....