Сотталған әйелдерге құқықтық қолдау көрсету және қайта әлеуметтендіру

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында әлеуметтік бейімдеу және құқықтық ағарту бағдарламасы аясында «Антарис» қоғамдық қорының өкілдері мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сотталған әйелдермен кездесуі өтті. Іс-шараға 30-дан астам сотталған әйел қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, білікті заң көмегін көрсету, сондай-ақ оларды босатылғаннан кейін қоғамға табысты бейімдеуге ықпал ету.

Кездесу барысында мамандар қатысушыларға заңнамада көзделген негізгі құқықтары мен міндеттерін, шартты түрде мерзімінен бұрын босату тәртібін, сондай-ақ жұмыспен қамту және қоғамға әлеуметтік ықпалдасу мәселелерін түсіндірді.

Құқықтық қорғау мәселелеріне, мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларға және заң көмегін алу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

«Сұрақ-жауап» форматындағы жеке кеңес беру барысында сотталған әйелдер мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті түсініктемелер алды.

Сонымен қатар, «Антарис» қоғамдық қорының өкілдері қатысушылармен әлеуметтік бейімделу мәселелерін, әлеуметтік байланыстарды сақтаудың және босатылғаннан кейін қоғамға қайта оралуға дайындықтың маңыздылығын талқылады.

Мұндай кездесулер сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етуге және жазасын өтегеннен кейінгі дербес өмірге дайындалуына ықпал етеді.

Медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері талқыланды

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын өтеушілерге медициналық көмекті...

КӨШПЕНДІЛЕР РУХЫ – СПОРТТА

Абай облысы бойынша орташа қауіпсіздік мекемесінде VI Дүниежүзілік көшпенділер...

Жеке сот орындаушыларының іс –әрекетін даулау

Талап қоюды беру тәртібі мен мерзімі Сот орындаушыларының әрекетін (әрекетсіздігін)...

Қазақстан мен Франция театр өнері, музей және архив ісі салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Парижде Франциядағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында ҚР Мәдениет және...

 Алматы – жүрегіміздің төріндегі қала

Қала күніне орай №196 жалпы білім беретін мектепте мерекелік...