Өмір – басты құндылық

2026 жылғы 10 қыркүйекте №21 мекемесінде Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күніне орай профилактикалық іс-шара өткізілді.

Іс-шараны мекеме психологы Оразбаева Әсемгүл Оралбекқызы ұйымдастырды. Кездесудің негізгі мақсаты – сотталғандарға адам өмірінің құндылығын түсіндіру, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және қиын өмірлік жағдайларды дұрыс еңсеру жолдарын қалыптастыру.

Іс-шара барысында сотталғандарға «Өмірдің құндылығы» атты профилактикалық бейнеролик көрсетілді. Бейнероликті тамашалағаннан кейін қатысушылар арасында пікірталас өткізіліп, фильмнің мазмұны талқыланды. Сотталғандар өз ойларын ортаға салып, өмірдің қадірі, қиындықтарды еңсеру, жақын адамдардың қолдауы және қажетті жағдайда психологиялық көмекке жүгінудің маңыздылығы туралы пікір алмасты.

Іс-шара барысында отряд бастығы, әділет майоры С.А. Ахмеджанова өз сөзінде:

«Адам қай жерде жүрсе де, өмірінің қандай ауыр кезеңін бастан өткерсе де, ол өмірдің бағасын білуі керек. Қандай қиындық болса да, әрбір адамның өмірі қымбат және әр қиын кезеңнен шығудың жолы бар», – деп атап өтті.

Психолог Оразбаева Әсемгүл Оралбекқызы қатысушыларға эмоционалдық қиындықтарды дер кезінде байқап, өз мәселелері туралы мамандармен сөйлесудің және қажетті жағдайда психологиялық көмекке жүгінудің маңыздылығын түсіндірді.

Осындай профилактикалық кездесулер сотталғандардың психологиялық сауаттылығын арттырып, өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыруға және қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауына ықпал етеді.

Өмір – әр адамға берілген ең қымбат құндылық. Оны бағалау және қорғау – әр адамның жауапкершілігі.

Орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың туыстарымен бейне кездесулер ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың жақын...