Орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың туыстарымен бейне кездесулер ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың жақын туыстарымен бейне кездесулер ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында 13 сотталған өздерінің жақындарымен қашықтан бейнебайланыс арқылы кездесіп, тілдесуге мүмкіндік алды. Олардың қатарында ата-аналары, жұбайлары, балалары, аға-інілері мен әпке-сіңлілері болды.
Сотталғандардың бірі үшін бұл бейне кездесу ерекше мәнге ие болды. Ол ұзақ уақыттан кейін әпкесін бейнебайланыс арқылы алғаш рет көріп, тілдесу мүмкіндігіне ие болды. Араға жылдар түссе де, олардың арасындағы туыстық байланыс пен жақындық сезімі сақталған.
Алғашқы минуттарда олар бір-біріне үнсіз қарап, кейін әңгімелері біртіндеп балалық шақ, ата-ана және отбасылық естеліктерге ұласты. Денсаулық пен отбасы жағдайын сұраған қарапайым сөздердің өзі жылдарға созылған сағыныш пен күтудің ерекше мәнін көрсетті.
Сотталған үшін әпкесін қайта көру – мекеме сыртында оны күтетін жақын адамдарының бар екенін сезінуге мүмкіндік берген маңызды сәт болды. Мұндай кездесулер отбасы мүшелері арасындағы эмоционалдық байланысты сақтауға және сотталғанның оң өзгерістерге деген ұмтылысын қолдауға ықпал етеді.
Бейне кездесулерді өткізудің негізгі мақсаты – сотталғандардың отбасы мүшелерімен әлеуметтік пайдалы байланыстарын сақтау және нығайту, туыстық қарым-қатынастарды қолдау, сондай-ақ белгіленген талаптарды сақтауға және одан әрі ресоциализацияға оң мотивация қалыптастыру.
Отбасылық байланысты сақтау – сотталғандармен жүргізілетін тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстың маңызды бағыттарының бірі. Мекеме қызметкерлері сотталғандардың туыстарымен байланысын қолдауға және әлеуметтік пайдалы байланыстарын сақтауға бағытталған жұмыстарды тұрақты негізде жүргізеді.
Мұндай бейне кездесулер тұрақты отбасылық қарым-қатынастарды сақтауға, сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне және оларды алдағы уақытта қоғамға қайта оралуға дайындауға ықпал етеді.
Кейде экран арқылы өткен бір ғана кездесу адамға өзіне ең жақын жандармен байланысының қаншалықты маңызды екенін қайта сезінуге мүмкіндік береді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...