Алматыда көмір жағуға тыйым салынады: жаңа ереже қашан күшіне енеді?

Алматыда газ берілген аумақтардағы жеке үйлер мен моншаларда көмір, ағаш және басқа да қатты әрі сұйық отынды пайдалануға шектеу енгізіледі. Жаңа талап 2026 жылғы 30 желтоқсаннан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бұл талап Алматы қаласының атмосфера ауасын қорғау қағидаларының 52-тармағында қарастырылған. Құжатқа сәйкес, газға қосылуға техника мүмкіндігі бар жеке тұрғын үйлерде, моншаларда және көппәтерлі үйлерде үйлерде қатты және сұйық отын пайдалануға болмайды.

Яғни шектеу тек моншаларға ғана емес, газ жүргізілген жеке сектордағы тұрғын үйлерге де қатысты.

Жаңа талаптар жылыту қазандықтарын пайдаланатын кәсіп нысандарына да қолданылады. Мұндай нысандардағы қалдық көздері ластаушы заттарды тазартатын арнайы қондырғылармен жабдықталуға тиіс. Арнайы техника, бензин және дизель генераторлары да белгіленген экология талаптарына сай болуы қажет.

Төтенше жағдай кезінде жылу және энергия жабдықтаудың баламалы көздерін пайдалануға рұқсат беріледі.

Алматыдағы жеке үйлердің газбен қамтылу деңгейі қазір шамамен 99,6 пайыз. Бұл қаладағы жеке үйлердің басым бөлігінде табиғи газға қосылуға техника мүмкіндігі бар екенін көрсетеді.

Осылайша, 2026 жылдың соңынан бастап Алматының газ берілген аумақтарындағы тұрғындар үйлерін жылыту үшін көмір мен басқа да қатты немесе сұйық отын түрлерін пайдалана алмайды.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.