Несиесін уақытында төлей алмағандарға 60 күн қосымша уақыт беріледі 

Қазақстанда мерзімі өткен несие берешегін ұжымдық реттеу тәртібі өзгеруі мүмкін. Құжатқа сәйкес, кезекті төлемді уақытында өтей алмаған қарыз алушыға берешегін жабу үшін қосымша 60 күн беріледі.

Бұл мүмкіндік екі немесе одан да көп кредиторға қарызы бар және кепілсіз тұтынушылық несие алған азаматтарға қатысты болады. Егер борышкер кезекті төлемін уақытында өтей алмаса, ол қарызын келесі төлемге дейін өтеуіне болады.

Егер осы мерзімде де төлей алмаса, мерзімі өткен берешегін толық жабу үшін тағы 60 күн беріледі.

Жаңа тәртіп бойынша қарызды өндіріп алу құқығын басқа компанияға берген қаржы ұйымдары да кредитор ретінде есепке алынады. Қарыз алушының өтінішін банк немесе микроқаржы омбудсманы тексереді. Азамат талаптарға сай келсе, оның барлық қарызын бір рәсім аясында реттеу мүмкіндігі қаралады.

Сонымен қатар кредиторлардың өтінішке жауап беру мерзімі 5 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін қысқартылады. Қарыз алушы төлеген ақша кредиторлар арасында берешек көлеміне қарай бөлінеді.

Жаңа тәртіп 21 қыркүйектен бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр.

Павлодарда жылыту маусымы басталды 

«Павлодарэнерго» АҚ мәліметінше, 14 қыркүйектен бастап әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғын үйлерге жылу кезең-кезеңімен беріле бастады.

Қазақстанда азық-түлік бағасы қалай өзгеруде? 

Қазақстанда бір апта ішінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді. Әсіресе картоп, пияз және қырыққабат арзандады.

Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

2026 жылдың қаңтар–тамыз айларында Қазақстанда 74 648 жұп ресми некеге тұрған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Сеулге мемлекеттік сапармен барды.

Жаңбыр, тұман, қатты жел: Ел аумағында ескерту жарияланды 

«Қазгидромет» бүгін, 14 қыркүйекке Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады. Ел аумағында қатты жел, жаңбыр, найзағай, тұман және жоғары өрт қаупі болжанып отыр.