«Құқық кабинеттері – ауыл тұрғындарына құқықтық және цифрлық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етудің тиімді тетігі»

Қазіргі таңда азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін білуі, қажетті құқықтық ақпаратты жедел алуы және мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимыл жасай алуы құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Бұл ретте ауылдық жерлерде тұратын азаматтардың құқықтық ақпаратқа ғана емес, цифрлық мемлекеттік қызметтерге де тең қолжетімділігін қамтамасыз ету ерекше маңызға ие. Әсіресе шалғай елді мекендерде аудандық немесе облыстық орталыққа бармай-ақ қажетті құжаттарды рәсімдеу, мемлекеттік органға өтініш жолдау немесе өз құқықтарын қорғау мүмкіндігі тұрғындар үшін үлкен қолайлылық береді.

Осы бағытта тиімді тетіктердің бірі – елді мекендерде «Құқық кабинеттерін» ұйымдастыру.

Бүгінде облыстың шалғай елді мекендерінде 65 құқық кабинеті жұмыс істейді. Аталған кабинеттер компьютерлермен және интернет желісіне қосылған қажетті техникалық құралдармен жабдықталған. Олардың негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа, электрондық мемлекеттік қызметтерге және цифрлық ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Құқық кабинеттері азаматтарға өз тұрғылықты жерінен шықпай-ақ көптеген мәселелерді электрондық форматта шешуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, eGov порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға, қажетті анықтамалар мен құжаттарды электрондық түрде рәсімдеуге, мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарын пайдалануға болады.

Сонымен қатар азаматтар eOtinish ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік органдарға өтініштер, арыздар мен шағымдар жолдап, олардың қаралу барысын электрондық форматта бақылай алады. Бұл азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жеңілдетіп қана қоймай, өтініш беру рәсімдерінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырады.

Мысалы, бұрын белгілі бір мәселе бойынша мемлекеттік органға жүгіну үшін азамат аудан немесе облыс орталығына баруға мәжбүр болса, қазіргі уақытта құқық кабинеті арқылы қажетті өтінішті электрондық түрде қалыптастырып, тиісті мемлекеттік органға жолдау мүмкіндігі бар. Бұл әсіресе шалғай ауылдардың тұрғындары, егде жастағы азаматтар және цифрлық технологияларды өз бетінше пайдалану қиындық туғызатын адамдар үшін маңызды.

Құқық кабинеттерінің тағы бір маңызды бағыты – азаматтардың «Заң» деректер базасы арқылы қолданыстағы заңнамамен танысуына жағдай жасау. Тұрғындар өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы қажетті ақпаратты іздеп, заңнамалық нормалармен таныса алады.

Алайда құқық кабинеттерінің қызметі тек техникалық мүмкіндіктер ұсынумен шектелмейді. Кабинеттер азаматтарға цифрлық ресурстарды пайдаланудың практикалық жолдарын түсіндіретін, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін көрсететін және құқықтық мәселелер бойынша бастапқы ақпарат беретін маңызды алаңға айналып отыр.

Бұл ретте азаматтарға компьютер мен интернетті пайдалануға, eGov және eOtinish жүйелерінде тіркелуге және оларды қолдануға, электрондық өтінішті дұрыс рәсімдеп жолдауға, қажетті құжаттарды тіркеуге, өтініштің мәртебесін бақылауға практикалық көмек көрсетіледі.

Осы тұрғыдан алғанда, құқық кабинеттері азамат пен мемлекет арасындағы байланысты жақындататын маңызды құрал болып табылады.

Біздің мақсатымыз – азаматқа тек құқықтық ақпаратты ұсыну емес, оның сол ақпаратты өз құқығын қорғау үшін іс жүзінде пайдалануына мүмкіндік жасау.

Әр азамат, оның тұрғылықты жеріне қарамастан, өз құқығын білуге, оны қорғауға және мемлекет көрсететін қызметтерді алуға тең мүмкіндікке ие болуы тиіс.

Абай облысының Әділет департаментінің

Құқықтық түсіндіру жұмысы және

заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ж.С. Сарсенбаева

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...

Парадокс «обычного человека»

ПРЕДСТАВИМ ОБЫЧНОГО ЧЕЛОВЕКА, КОТОРЫЙ СПЕШИТ НА РАБОТУ, ВЕЧЕРОМ ВОЗВРАЩАЕТСЯ...

Из колонии – на работу

Важным шагом в реформировании пенитенциарной системы Казахстана стала инициатива...