Президент тапсырмасы: Ақтөбеде 35 мың көрерменге арналған жаңа стадион салынады 

Үкімет резервінен Ақтөбеде жаңа футбол стадионын салуға 6,5 млрд теңге бөлінді. Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың футболды дамыту және өңірлердегі спорт инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Жаңа стадион қаланың батыс бөлігіндегі 25 гектар аумақта бой көтереді. Арена 35 мың көрерменге есептелген және УЕФА-ның 4-санат талаптарына сай жобаланған.

Жоба бойынша жалпы аумағы 80 мың шаршы метрден асатын бес қабатты спорт кешені салынады. Мұнда футбол алаңы мен трибуналардан бөлек, командалар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған қажетті инфрақұрылым қарастырылады.

Құрылыс үш кезеңмен жүргізіледі. Үкімет бөлген 6,5 млрд теңге биыл басталған бірінші кезеңге жұмсалады. Стадионды 2028 жылдың қыркүйегінде пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Қазіргі Ақтөбе орталық стадионы 1975 жылы салынған және шамамен 13 мың көрерменге арналған. Ал «Ақтөбе» футбол клубының матчтарын тамашалауға ниетті жанкүйерлер саны кейде стадион сыйымдылығынан үш есе көп болады.

Жаңа арена халықаралық деңгейдегі футбол матчтарын, сондай-ақ ірі спорттық, мәдени және қоғамдық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.