Алатау ауданындағы №196 мектепте Отбасы күні аталып өтті

Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Отбасы күнін мерекелеу — отбасын қоғамның іргелі негізі ретінде нығайтуға ата- аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға, отбасылық құндылықтарды қолдауға және әрбір отбасының әл ауқаты үшін жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі.

Біздің мектебіміз уштік бірлікті нығайтуға еңбек етіп жатырмыз, балаларымыздың және отбасыларымыздың бақытты болып, бірліктері артуы үшін осындай іс — шаралар арқылы ынтымақтастықты арттырып, бала өмірінде отбасының маңыздылығын білдіретін осындай іс- шара өткізіп отырмыз. Осы күн аясында Алматы қаласы Алатау ауданы 196 мектебінде “ Отбасы тәрбие бастауы” тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сонымен қатар 7 сынып жетекшілері мектептің ауласында Отбасы күніне байланысты ата — аналармен және оқушылармен Мерекелік шара ұйымдастырды. Мерекелік шарның ашылуын өзіміздің мектебіміздің ардагер ұстазы, зейнеткер, біздің мектебімізде 45 жыл еңбек еткен Ақанжан атамыз өзінің ақ батасымен ашып берді.
Содан кейін 7 “ В “ сынып оқушысы Бауыр туралы ән шырқады. Бұл әнді таңдап алған себебіміз: Бауырдың адам өміріндегі орны ерекше екенін көрсету. Бауыр әрқашан қасыңнан табылатын, қуанышыңа бірге қуанып, қиын сәтте қолдау көрсететін ең жақын жандардың бірі. Ән арқылы бауырға деген сағынышымызды, сүйіспеншілігімізді және құрметімізді жеткізгіміз келді. Сондықтан бұл әнді жүрекке жақын, мағынасы терең болғаны үшін таңдадық. Мерекелік іс шарамыз көңілді болсын деп оқушылармен флешмоб билеп, бір серігіп алдық. . Әлі де осы аптада жалғасын табатын 10 “А” сынып оқушылары ата — анасымен бірге спорттық шара өткізеді. 10 “Ә” сыныбы кітапханада отбасы тарихына байланысты көрме ұйымдастырады. Сонымен қатар 11 “В” және 9 “Ғ” сыныбы “Отбасын саналы түрде құру” тақырыбында видео челендж түсіреді.
Осылайша, Отбасы күні аясындағы ақпараттық науқан тек жағымды мысалдарды көрсетумен шектелмей, салауатты отбасылық қарым қатынастарды қалыптастырудың практикалық дағдыларын дамытуға, жауапты ата — аналықты насихаттауға, зорлық -зомбылықтың алдын алуға, балаларды қорғауға және халықтың көмек алу мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға бағытталуы тиіс.
“Отбасы өзімізден басталады”
Мықты отбасы — проблемасы жоқ отбасы емес. Мықты отбасы — бір- бірімен сөйлесе білетін, қолдау көрсететін, жеке шекараларды құрметтейтін, балаларды бірге тәрбиелейтін қиындықтарды бірге еңсеретін және қажет болған жағдайда көмек сұрай білетін отбасы.

Кубетаева Нұргул Ермекқызы, Алматы қаласы Алатау ауданы 196 мектеп
Ағылшын тілі мұғалімі

Бүгін – Әскери-техникалық саясат саласы мамандарының күні

10 қыркүйекте Қазақстан Қарулы күштерінің әскери-техникалық саясат саласындағы мамандары...

Депутат треш-стримингке заңнамалық жауапкершілікті күшейтуді ұсынды

Қазақстанда әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлерде қорлау, балағат сөздер айту,...

Мемлекеттік тіл – Мәңгілік Елдің мәңгілік тілі

Тіл – ұлттың рухани негізі, халықтың тарихи жадын сақтайтын...

Дау мұраты – бітім

Қазақ халқы ежелден «Дау мұраты – бітім» деп, кез...

Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Қазақстанның ұлттық статистикалық...