ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) функцияларының біріне  мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтары және  заңды мүдделерін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау болып табылады.

         Осы бағытта, 2026 жылдың 8 айының нәтижесінде Департаментпен
230-дан астам мемлекеттік қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

         Мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті сұрау салулар жолдау, сондай-ақ Telegram-бот қосымшасы арқылы келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесінде жүзеге асырылуда.

         Соңғы уақытта жылжымайтын мүлік мәселелері бойынша азаматтардан келіп түскен 2 өтініштің негізінде Департаментпен жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік тіркеу бойынша тексеру барысында мемлекеттік қызмет көрсетушінің бас тартуы негізсіз деп танылып, анықталған сәйкессіздіктердің қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болмағаны анықталды.

         Бұдан бөлек, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау кезінде тиісті ақпараттық жүйеге қате мәлімет енгізілгені анықталып, Департаменттің ықпалымен ақпараттық жүйедегі деректер құқық белгілейтін құжаттарға сәйкестендірілді. Нәтижесінде екі жағдайда да қызмет алушылардың бұзылған құқықтары толық қалпына келтірілді.

         Аталған бағыттағы жұмыс Департаментпен тұрақты және жүйелі түрде жүргізіліп, мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғау
және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері ерекше бақылауда.

С. Шеримбаева

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы

Создаются «Команды развития села»

КАЗАХСТАНСКОЕ СЕЛО ДОЛГОЕ ВРЕМЯ ОСТАВАЛОСЬ МЕСТОМ, ГДЕ ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПОМОЩЬ...

В поддержку людей с особыми потребностями 

С 1 ЯНВАРЯ 2025 ГОДА В КАЗАХСТАНЕ ВВЕДЕНО ОБЯЗАТЕЛЬНОЕ...

Искусственный интеллект и новые формы мошенничества

РАЗВИТИЕ ЦИФРОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ, КОТОРОЕ СУЩЕСТВЕННО РАСШИРИЛО ВОЗМОЖНОСТИ КОММУНИКАЦИИ, ПОЛУЧЕНИЯ...

О безопасности и правах стражей порядка

ЗА КАЖДЫМ ТРЕБОВАНИЕМ ПОЛИЦЕЙСКОГО ОСТАНОВИТЬ АВТОМОБИЛЬ, ПРЕКРАТИТЬ ДРАКУ ИЛИ...

Қазақ тілі қандай тіл?

Ана тіліміздің жанашыры А.Байтұрсынұлының: «Қазақ тілі – ең жетілген,...