Жедел ашылған қылмыс саны көп

Жедел ден қоюды ұйымдастырудың нәтижесінде полицияның кешенді күштерімен Жамбыл облысында 6 айда 1645 қылмыс жедел ізін суытпай ашылды. Бұл көрсеткіш былтыр алғашқы жартыжылдықта 1268-ді құраған болатын. Өңірде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2413 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Олар қоғамдық орындарда, көшелерде, әлеуметтік маңызы бар нысандарда және адамдар көп шоғырланатын орындарда орнатылған.

«Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары камералар арқылы тəулік бойы мониторинг жүргізіп, құқық бұзушылықтарды ерте кезеңде анықтауды, күдікті тұлғалардың қозғалысын бақылауды жəне полиция нарядтарын оқиға орындарына жедел бағыттауды қамтамасыз етеді. Бейнебақылау жүйелерін тиімді пайдалану нəтижесінде жыл басынан бері 19 460 əкімшілік құқықбұзушылық анықталып, құқықбұзушыларға қатысты əкімшілік хаттамалар толтырылды. Оның ішінде Əкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434, 156, 449-баб тар бойынша – 56, 440-бап бо йынша – 36 хаттама рəсімделіп, 19 205 құқық бұзушылық жол қозғалысы қағидаларын бұзу фактілері тіркелді. Сонымен қатар, бейнебақылау камералары қылмыстарды ашуда маңызды дəлелдемелік құрал ретінде пайдаланылып келеді. Бейнематериалдар күдікті тұлғалардың қозғалысын анықтауға, оқиғаның мəн-жайын нақтылауға, қылмыстың жасалу механизмін қалпына келтіруге жəне дəлелдемелік базаны нығайтуға мүмкіндік береді. Нəтижесінде полиция күштері мен құралдарының жедел əрекет ету тиімділігі артып, құқық бұзушылықтарға ден қою уақыты қысқаруда», – дейді А.Смағұлов. Азат Дəулетұлының айтуынша, биыл алғашқы жартыжылдықта Жедел басқару орталығы мен аумақтық кезекші бөлімдерінің «102» арнасына 50 мыңнан астам түрлі сипаттағы хабарлама келіп түсті. Оның басым бөлігі Тараз қаласы (35 813) мен Қордай (2660), Байзақ (1996) аудандарының үлесіне тиіп отыр. Өзге аудандарда бұл көрсеткіш 516-дан 1 932-ге дейінгі аралықты құрайды. Ювеналды полиция қызметкерлерімен күн сайын ойын-сауық орындарында жəне жастар көп жиналатын орындарда рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, кəмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз жүру фактілері, алкоголь өнімдерінің заңсыз сатылуы жəне басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Ішкі істер министрлігінің жобасы аясында «Заң жəне тəртіп» сервисі тұрақты жұмыс істеуде. Ол азаматтарға eGov Mobile, Kaspi.kz, Halyk Bank мобильді қосымшалары жəне «102» арнасы арқылы полицияға құқық бұзушылықтар туралы жедел хабарлама жолдау ға мүмкіндік береді. Бұл сервис арқылы 6 айда 692 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 395-і eGov Mobile, 255-і Kaspi. kz арқылы, ал 30-ы «102» арнасы, 12-сі Halyk Bank мобильді қосымшасы арқылы жолданған. – Өтініштердің басым бөлігі құқық бұзушылықтар (318) мен жол қозғалысы қағидаларын бұзу (242) фактілеріне қатысты. Сонымен қатар, балалардың қатысуымен болған оқиғалар бойынша – 27, тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша – 22, жол-көлік оқиғалары бойынша 19 хабарлама тіркелді. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені штаттық режимде жұмыс істейді. Аталған жүйе жол қозғалысы қағидаларын автоматты түрде тіркеп қана қоймай, көлік ағынын бақылауға, іздеуде жүрген көлік құралдарын анықтауға жəне полиция нарядтарының əрекетін үйлестіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, eGov Mobile мобильді қосымшасында іске қосылған «Көлік оқиғалары туралы хабарлама» сервисі арқылы азаматтар өз көлік құралдарына қатысты орын алған оқиғалар жөнінде жедел хабарлама алып, тиісті шараларды уақытылы қабылдау мүмкіндігіне ие болды. Бұл сервис азаматтар мен полиция арасындағы өзара байланысты нығайтып, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруда. Экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында да бейнебақылау жүйелері тиімді пайдаланылуда. Есепті кезеңде камералардың көмегімен қоғамдық орындарды ластау, абаттандыру қағидаларын бұзу жəне қоқысты белгіленбеген орындарға төгу бойынша 38 құқық бұзушылық анықталып, 24 азаматқа ескерту беріліп, 14 тұлға əкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»



 Комплексный подход

СНИЖЕНИЕ УРОВНЯ ПРЕСТУПНОСТИ В СТРАНЕ ЯВЛЯЕТСЯ РЕЗУЛЬТАТОМ СИСТЕМНОЙ РАБОТЫ,...

Сот актілерінің орындалмағаны үшін тұлғаларды жауапкершілікке тарту тетігі

Сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі мақсаты -  азаматтар мен...

Тұғыры биік – туған тіл

Тіл – ұлттың рухани өзегі, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан...

Казахский инжиниринг на китайской земле

НА ПОБЕРЕЖЬЕ ЖЕЛТОГО МОРЯ, В КИТАЙСКОМ МЕГАПОЛИСЕ ЦИНДАО, ДАН...

Временное пристанище: когда некуда идти

Центр для ресоциализации лиц, оказавшихся в трудной жизненной ситуации...