Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, оларды қоғамға бейімдеуге және өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.
Осы бағыттағы жұмыстар аясында сотталғандар өз қолдарымен жасаған картиналары мен сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын ұсынып, Абай облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің сотталғандары арасында өткен «Үміт – 2026» байқау-көрмесіне қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша ҚР ІІМ ҚАЖК орташа қауіпсіздік мекемесі құрметті 4-орынға ие болды. Байқауға қатысқан сотталғанға Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының атынан грамота табысталды.
«Үміт – 2026» байқауының басты мақсаты – сотталғандардың шығармашылық әлеуетін ашу, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, еңбек пен өнерге деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ түзелу жолында оң өзгерістерге ынталандыру.
Шығармашылық – адамның ішкі әлеуетін ашып, жаңа мақсаттарға ұмтылуына мүмкіндік беретін маңызды құрал. Осындай іс-шаралар сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне және олардың бойында оң өмірлік құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді.


