Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде сотталғандар арасында шахмат пен дойбыдан спорттық-интеллектуалдық іс-шара өткізілді.
Жарысқа 12 сотталған адам қатысты. Қатысушылар зейінділік, логикалық ойлау, сабырлылық және дұрыс шешім қабылдай білу қабілеттерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Іс-шараға Семей қаласының шахмат және дойбыдан жаттықтырушысы Мұрат Окасов тәлімгер ретінде қатысты. Ол қатысушылармен өз тәжірибесімен бөлісіп, практикалық кеңестер беріп, сотталғандармен шахмат және дойбыдан партиялар өткізді.
Мұндай іс-шаралар мекемеде сотталғандар арасында тәрбие жұмысы аясында тұрақты түрде өткізіледі. Олар бос уақытты тиімді әрі пайдалы ұйымдастыруға, зияткерлік қабілеттерді, зейінділікті, сабырлылық пен стратегиялық ойлауды дамытуға бағытталған.
Сотталғандар арасында тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы, әділет майоры Дәурен Бугилбаевтың айтуынша, мұндай іс-шаралар сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, олардың бойында жағымды қызығушылықтар мен пайдалы дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.
«Шахмат пен дойбы адамнан сабырлылықты, зейінділікті және өз әрекетін бірнеше қадам алға жоспарлай білуді талап етеді. Біз сотталғандардың өз қабілеттерін дамытуына және бос уақытын пайдалы өткізуіне жағдай жасауға тырысамыз», — деді әділет майоры Дәурен Бугилбаев.
Зияткерлік жарыстарды өткізу сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып табылады және олардың қоғамға одан әрі сәтті бейімделуіне қажетті дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.


