Мемлекетті тіл – қызмет тілі

Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани қазынасы, ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Ана тіліміз арқылы біз ата-бабамыздың тарихын, салт-дәстүрін, дүниетанымын және ұлттық құндылықтарын танитынымыз анық. Сондықтан қазақ тілін сақтау және дамыту – әрбір азаматтың ортақ міндеті.                                                            

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру тек белгілі бір ұлттың ғана емес, бүкіл қоғамның жауапкершілігі болуы қажет. Себебі тіл – елдің бірлігін нығайтатын маңызды құрал. Ортақ тіл арқылы адамдар бір-бірін жақсы түсініп, өзара құрмет пен ынтымақтастықты қалыптастырады.                                                                            Бүгінде қазақ тілін үйренуге және оны күнделікті өмірде қолдануға барлық мүмкіндік бар. Әсіресе жастардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру маңызды. Қазақ тілін білім беру саласында, мемлекеттік мекемелерде, мәдениетте, ғылымда және күнделікті қарым-қатынаста кеңінен қолдану оның қолданыс аясын одан әрі кеңейтеді.

Сот жүйесінде қызмет атқаратын маман үшін тіл мәдениеті – кәсіби біліктіліктің бір бөлігі. Құжаттарды сауатты рәсімдеу, ресми хаттармен жұмыс, тараптармен түсінікті әрі нақты сөйлесу – бәрі де тілді меңгеру деңгейімен тікелей байланысты.

Сот төрелігін жүзеге асыруда тіл тек қатынас құралы ғана емес, әділеттіліктің діңгегіне айналады. Себебі заңды түсінікті жеткізу, тараптардың уәждерін дәлме-дәл баяндау, шешімді айқын жазу –тілді дұрыс қолдануына тәуелді.

Мемлекеттік тілді құрметтеу – әрбір сот маманының парызы. Тілге деген құрмет – елге, заңға деген құрмет. Сондықтан тіл мәдениетін арттыру, заңнамалық терминдерді дұрыс пайдалану және сөйлеу әдебін сақтау – кәсіби шеберлікті шыңдай түседі.

Тілді жақсы меңгеру өз міндетін сапалы атқарып қана қоймай, қоғамдағы мемлекеттік тілдің беделін арттыруға үлес қосу.

Қорыта айтқанда, мемлекеттік тілдің тұғырын көтеру өз қолымызда екенін ұмытпайық. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы екенін ескере отырып, қазақ тілі – еліміздің азаматтарын топтастырудың мықты іргетасы болатынына кәміл сенемін.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жетекші маманы А.Н.Жаксыбаева

Аида Балаева «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын марапаттады

Астанада Халықаралық жастар күні аталып өтті. Салтанатты іс-шара аясында...

Аида Балаева наградила победителей конкурса грантов «Тәуелсіздік ұрпақтары»

В Астане отметили Международный день молодежи. В рамках торжественной...

Артық сөйле, кем сөйле, таразылай тең сөйле

       «Артық сөйле, кем сөйле, таразылай тең сөйле», «Сөз...

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай Әлімғазинов «Құрылтайға жол» ультрамарафонының кезекті маңызды белесін еңсеріп,...