Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Абай күніне арналған әдеби кеш өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Абай күніне орай қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-танымдық кеш ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту, ұлттық құндылықтар мен Қазақстанның мәдени мұрасын дәріптеу, сондай-ақ ұлы тұлғаның шығармашылығына деген қызығушылықты арттыру болды. Кездесу барысында сотталғандар Абайдың өмірбаянымен, философиялық көзқарастарымен танысып, оның «Қара сөздерінің» мәні мен бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпаған шығармаларын талқылады. Ұлы ойшылдың еңбектері білімге ұмтылуға, адал еңбек етуге, адамгершілік пен жауапкершілікке үндейтіні ерекше атап өтілді.
Іс-шараға қатысушылар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, өз әсерлерімен бөлісті. Сондай-ақ ұлы ойшылдың шығармалары адамның тұлғалық қалыптасуына және өмірлік құндылықтарды қайта саралауға ықпал ететіні жөнінде пікір алмасты.
– Абайдың шығармаларын оқи отырып, адал өмір сүріп, үнемі білім алып, өз-өзіңді жетілдірудің қаншалықты маңызды екенін түсінесің. Оның тағылымды сөздері өз іс-әрекетіңе ой жүгіртіп, дұрыс қорытынды жасауға және жақсы адам болуға ұмтылуға жетелейді, – деп өз пікірімен бөлісті сотталғандардың бірі.
– Абайдың мұрасы – халқымыздың рухани тірегі әрі барлық кезеңде өз маңызын жоғалтпайтын асыл қазына. Осындай іс-шаралар сотталғандардың ұлттық мәдениетке деген құрметін қалыптастырып, адамгершілік қасиеттерін дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге ынталандырады. Ұлы ойшылдың шығармаларымен таныстыру арқылы біз оларды өмірлік құндылықтарды қайта саралауға, білімнің, адал еңбектің және қоғам алдындағы жауапкершіліктің маңызын терең түсінуге бағыттаймыз, – деді сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастығы Мейірлан Түтекбаев.
Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өткізілетін мәдени-ағартушылық іс-шаралар сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысының маңызды бағыты болып табылады. Мұндай кездесулер олардың дүниетанымын кеңейтіп, рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға және бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға бейімделуіне оң ықпал етеді.

Би әрі дала заңгері болған – ұлы Абай атамыз!

Бүгін ұлы Абай Құнанбайұлының туған күні. Ғұлама Абай – қазақ...

Большинство обладателей государственных грантов выбрали ЕНУ

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева и в этом...

Мендыбай ага отправился в путь к новому Курултаю: начато испытание длиною в более чем тысячу километров

10 августа известный казахстанский ультрамарафонец Мендыбай Алимгазинов вместе с...

Меңдібай аға жаңа Құрылтайға жол тартты: ұзындығы мың шақырымнан асатын сынақ басталды

10 тамызда танымал қазақстандық ультрамарафоншы Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге...