Мемлекеттік қызметтегі басты қағидаттардың бірі – меритократия, яғни қызметтік өсуге адамның білімі, кәсіби қабілеті, тәжірибесі және нақты жетістіктері негіз болуы.
Меритократия қағидаты мемлекеттік қызметшілерге өз еңбегі арқылы мансаптық өсуге, біліктілігін арттыруға және жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуге жол ашады. Бұл жүйеде әрбір маманның бастамасы, жауапкершілігі мен кәсіби дамуға ұмтылысы бағаланады.
Мемлекеттік қызметте жоғары лауазымдарға тағайындау кезінде әділдік пен ашықтық қамтамасыз етіліп, ең алдымен өз міндетін сапалы атқаратын, тәжірибелі әрі білікті мамандарға басымдық беріледі.
Білім мен еңбек – мемлекеттік қызметтегі табысты мансаптың негізі. Әрбір жас маман өз қабілеті мен кәсібилігі арқылы ел дамуына үлес қосуға мүмкіндік алады.


