Мектеп асханаларындағы тендер дауы: 80 адамды жұмыспен қамтыған «Болашақ» ЖШС неге тығырыққа тірелді?

1996 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп, 100-ге жуық азаматты тұрақты жұмыспен және еңбекақымен қамтып отырған «Болашақ» ЖШС бүгінде жабылу қаупімен бетпе-бет келіп отыр. Компания басшылығы бұған мектеп асханаларын жалға алу және оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік сатып алу конкурстарында орын алған  күмәнді схемалар себеп болғанын айтады. Атап айтқанда  жеңіп алған өзге компания ал іс жүзіндегі жұмыс жасап тұрған мүлдем басқа компания.

«Болашақ» ЖШС компания директоры Назира Рыспекованың айтуынша, олардың отбасы бұл нарықта отыз жылға жуық уақыттан бері еңбек етіп келеді. Алдымен анасы бастаған кәсіпті бүгінде өзі жалғастырып отыр.

«Осы уақытқа дейін тыныш қана өз жұмысымызды атқарып келдік. Заң бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз атанған компания шартқа өзі қол қойып, міндеттемелерді өзі орындауы тиіс. Алайда іс жүзінде бәрі басқаша болып шықты», – дейді Назира Рыспекова.

Оның айтуынша, Алматы қаласындағы №206, №207, №221, №10,  және №224 мектептерде мемлекеттік сатып алу конкурсын бір компания ұтып алғанымен, мектеп асханаларында нақты қызметті мүлде басқа тұлғалар атқарып жүргені анықталған.

Компания басшысы мұндай жағдайда конкурсқа қатыспаған үшінші тұлғалардың заңсыз араласуы орын алғанын алға тартады. Оның сөзінше, жеңіп алған ЖШС лар  атқаруы тиіс жұмыстарды басқа кәсіпкерлер  ЖШС «Үміт Бунгало Draive»  (№206, №207 мектептер)  және ИП «Али Айя» (№221 мектеп)   тағы басқада бір бірлеріне  туыстас болып келетіндер  мен аффилирленген тұлғалар жүзеге асырып жатқан көрінеді.

-Бір адам бар Балтабаев Досымжан  деген бұрынғы білім бөлімінің қызметкері, қазір осындай тендермен айналасатындарға заңдық жағынан кеңес беретін адам,  алайда Досымжан  басқа компанялардың  ЖШС сын заңды тіркетіп, ал іс жүзінде өзінің әйелі Сәкенова Аселдің  (ТОО Повара от А до Я), енесінің атындағы (ҮМІТ Бунгало Драйв)  жұмыс істетіп отыр,  яғни  қазіргі даулы болып жатқан мектептерде құжат күйінде басқа адам ал нағыз жұмыс жасап, QR-төлемдер түсіп жатқан,  сол Балтабайдың жақын туыстары, -дейді Назира Рыспекова. 

Қолымызға түскен тағы бір құжатта Алматы қаласындағы  №12 ші  мектеп директорына е өтінішпен арыз жазған Балтабаев Досымжан  «Болашақ» ЖШС ыны осы мектептен  алып тастау туралы сотқа бер деп талап етеді.

«Ең болмаса менімен қатар  конкурсқа  түсіп жатқан компанияда емес, қалай Досымжан мырза мектептерге осындай талаптар  қоя алады. Керек десе заң орындарының да адамы емес, былтырғы жылдан менің үстімнен неше мәрте тексеріс жүргізуді талап етіп, тексертті. Бірақ мен бәрінің заңды екенін дәлелдеп шықтым. Досымжанның әйелі Асел ханым да  шығып, «осы мектептерге конкурсқа қатыспай ақ қоясыз ба, біз қатысайық десек стажымыз жетпей жатыр», деп өтініш те айтқан»-, дейді ашынып Назира Рыспекова.

Осыған байланысты «Болашақ» ЖШС Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетін аталған мектептердегі мемлекеттік сатып алу шарттарының нақты орындалуын, бюджет қаражатының қозғалысын, QR-төлемдердің заңдылығын және уәкілетті органдардың әрекеттерін жан-жақты әрі объективті тексеріп, тиісті құқықтық баға беруге шақырады.

PS. Аталған материал редакцияның ресми ұстанымын білдірмейді. Редакция объективтілік қағидатын ұстана отырып, қарсы тараптың ұстанымы мен түсініктемесін жариялауға дайын екенін мәлімдейді.

КАК ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ПРЕВРАТИЛИ ПРЕСЛЕДОВАНИЕ В КРУГЛОСУТОЧНЫЙ КОНТРОЛЬ 

ЕЩЕ ДВАДЦАТЬ ЛЕТ НАЗАД ЧЕЛОВЕКУ, РЕШИВШЕМУ ПРЕВРАТИТЬ ЧУЖУЮ ЖИЗНЬ...

Оставьте ненужные споры

Сначала Бозжыра, затем Кок-Жайляу, теперь Катон-Карагай и Маркаколь… Споры...

Адамға бағдарланған мемлекеттік қызмет: жаңа заңның жаңа мүмкіндіктері

Мемлекеттік қызмет-ел дамуының негізгі тіректерінің бірі. Сондықтан, бұл саладағы...

Ұлттық құрылтай – қоғам мен мемлекет арасындағы сенім көпірі

Мемлекет дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі – билік пен қоғам...

В петле коррупции 

ПРЕДСЕДАТЕЛЬ АГЕНТСТВА ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ ЖАНАТ ЭЛИМАНОВ ОТЧИТАЛСЯ ПЕРЕД...