Домбыра үні жер шарын шарлады

Мемлекет басшысының Жарлығымен шілденің алғашқы жексенбісі – Ұлттық домбыра күні деп жарияланғаны белгілі. Биыл Домбыра күніне орай Қазақстанда екі мыңнан астам мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Мұндай шаралар шетелдегі Қазақстан елшіліктерінде де өз жалғасын тапты. Мәселен, Бельгиядағы Елшілікте «DOMBRAssdors» ансамблінің концерті өтті.

Ұлттық музыкалық аспапты ұлықтауға арналған мəдени шаралардан əлемнің түрлі елдерінде жүрген қазақ диаспорасы да сырт қалмады. Мысалы, «Отандастар қоры» мен «Арқайым» тобы «Домбыра DNA» халықаралық музыкалық челленджін ұйымдастырды. Оған АҚШ, Жапония, Бельгия, Франция, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Испания, Португалия, Чехия, Хорватия, Аустрия, Нидерланд, Швеция, Словакия, Мажарстан, Грекия, Малайзия, Чили, Түркия, Əзербайжан, Ресей, Өзбекстан жəне Моңғолия сияқты əлемнің 20-дан астам елінде тұратын отандастарымыз бен шетелдік азаматтар белсенді қатысты. Шетелдік қатысушылар арасынан алғашқы болып «Отандастар қоры» домбыра үйірмесінің шəкірті, португалиялық Joseph Ribeiro үн қосты. Оның бұл қадамын əлемге əйгілі Димаш Құдайбергеннің шетелдік жанкүйерлері, түркиялық музыканттар, бельгиялық Лукас пен чилилік Мария, жапондық Акира, Такахаши, Аска жəне Хитоми жалғастырды. Нью-Йорктегі «Qazaq AmericanQaganat», Малайзиядағы «Qazaq Community», Кореядағы «Qazaq Nomad» орталықтары мен Испания, Ресей, Өзбекстан, Нидерландыдағы қазақ диаспоралары бастаманың басты қозғаушы күшіне айналды. Шетелдегі отандастарымыз бен қазақ мəдениеті не қызығушылық танытатын өзге ұлт өкілдері домбырамен күй тартып, əн шырқап ұлттық аспабымызды жаһандық деңгейде насихаттады. Домбыра – қазақтың қос ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол жергілікті жер жағдайына, тұрмыс-салты мен дəстүріне, əн, жыр, күй мектебі мен əр өнерпаздың орындаушылық мəнеріне, аспапты жасаған шеберге байланысты түрлі пішінде дамытылып, өзгеріп отырған. Əн, жыр айтуға арналған домбыралар 8-9, əрі кеткенде 14-15 пернеге жетсе, күй домбырасына 20-дан астам перне тағылады. Олардың құлақ бұрауы да қажетіне қарай өзгертіледі. Домбыра негізінен екі жəне үш ішекті болып келеді. Домбыра тартудың сермеп ойнау, іліп қағу, шертіп ойнау сияқты түрлі қағысы бар. 1934 жылы Халық аспаптар оркестрінің құрылуына байланысты домбыраның прима, альт, тенор, бас, контрабас сияқты түрлері пайда болды.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Казахстан принял председательство в Союзе тюркских горнолыжных курортов

Казахстан принял председательство в Союзе тюркских горнолыжных курортов. Председателем...

Қазақстан Түркі елдері тау шаңғы курорттары одағына төрағалық етеді

Қазақстан Түркі тау шаңғы курорттары одағына төрағалық етеді. Алдағы...

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: сенімді көрінетін бейне енді оның шынайылығының дәлелі емес

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктерді жасауға арналған заманауи...

КАК ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ПРЕВРАТИЛИ ПРЕСЛЕДОВАНИЕ В КРУГЛОСУТОЧНЫЙ КОНТРОЛЬ 

ЕЩЕ ДВАДЦАТЬ ЛЕТ НАЗАД ЧЕЛОВЕКУ, РЕШИВШЕМУ ПРЕВРАТИТЬ ЧУЖУЮ ЖИЗНЬ...