Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында жаз мезгілінің көтеріңкі көңіл-күйін насихаттауға бағытталған «Лето. Солнце. Жара» атты мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында әр отряд 80–90 жылдардың танымал әндерін орындап, қызықты музыкалық қойылымдар мен шығармашылық нөмірлер ұсынды. Қатысушылар сол дәуірдің атмосферасын сезіндіре отырып, сахна мәдениеті мен өнерге деген қызығушылықтарын көрсетті.

Бағдарламаның ең әсерлі бөлігі – екі жилка арасында өткен би батлы болды. Танымал 80–90 жылдардың ырғақты әуендері шырқалып, қатысушылар өздерінің би шеберлігін ортаға салды. Батлға отрядтағы жасы үлкен сотталғандар да белсенді қатысып, жастармен бірге өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Іс-шара барысында қатысушылар көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, бір-біріне қолдау білдіріп, ұйымшылдық пен өзара сыйластықтың үлгісін көрсетті. Осындай мәдени-көпшілік шаралар сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, әлеуметтік белсенділігін арттыруға және жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға ықпал етеді.

Мерекелік кеш жарқын эмоцияларға, көтеріңкі көңіл-күйге және ұмытылмас әсерлерге толы болып, барлық қатысушыларға жаздың шынайы атмосферасын сыйлады.

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...