Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі құқықтық институттардың бірі. Мұндай даулар ата-аналардың құқықтары мен міндеттеріне ғана емес, ең алдымен баланың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделеріне тікелей әсер етеді. Сондықтан Қазақстан Республикасының заңнамасы әке болуды даулау мәселесін нақты құқықтық тәртіппен реттеп, оны тек сот арқылы шешуді көздейді.

Қазақстан Республикасында неке-отбасы қатынастары Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексімен реттеледі. Осы Кодекске сәйкес әке болуды даулау – баланың заңды әкесі ретінде тіркелген адамның әкелік мәртебесін жоққа шығару немесе оны жарамсыз деп тану туралы сот тәртібімен қаралатын азаматтық іс.

Әке болуды даулау тәртібі

Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 52-бабына сәйкес, бала туған кезде оның анасымен некеде болған ер адам, өзін баланың биологиялық әкесі деп есептейтін тұлға, кәмелетке толған баланың өзі, заңда көзделген өзге де мүдделі тұлғалар және прокурор әке болуды даулау туралы талап қоюға құқылы.

Әке болуды даулау тек сот тәртібімен жүзеге асырылады. Азаматтық істі қарау барысында тараптардың түсініктемелері тыңдалып, ұсынылған дәлелдемелер зерттеледі. Қажет болған жағдайда сот молекулалық-генетикалық (ДНҚ) сараптамасын тағайындайды. Бұл сараптама баланың биологиялық әкесін анықтауда маңызды дәлелдердің бірі болып табылады. Іс бойынша барлық мән-жайлар толық зерттелгеннен кейін сот заң талаптарына сәйкес шешім қабылдайды.

Әке болуды даулаудың құқықтық салдары

Қолданыстағы заңнама белгілі бір жағдайларда әке болуды даулау мүмкіндігін шектейді. Егер ер адам баланың өзінің биологиялық баласы емес екенін біле тұра әке ретінде тіркелуге өз еркімен келісім берген болса немесе ұзақ уақыт бойы баланы өзінің баласы ретінде тәрбиелеп келген жағдайда, сот ең алдымен баланың құқықтары мен заңды мүдделерін ескере отырып шешім қабылдайды.

Егер сот әке болуды жоққа шығару туралы талапты қанағаттандырса, әке мен бала арасындағы заңды туыстық қатынас тоқтатылады. Соның салдарынан алимент төлеу міндеттемесі жойылып, азаматтық хал актілерінің жазбаларына тиісті өзгерістер енгізіледі. Сонымен қатар заңда белгіленген тәртіппен баланың тегі мен әкесінің аты туралы мәліметтерді өзгерту мәселесі де шешіледі.

Қорытынды

Әке болуды даулау – құқықтық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік және моральдық жағынан да үлкен жауапкершілікті талап ететін сот өндірісі. Осындай санаттағы істерді қарау барысында сот әрдайым баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды басты назарда ұстайды. Сондықтан мұндай талап қою туралы шешім қабылдамас бұрын қолданыстағы заңнаманы жан-жақты зерделеп, білікті заңгердің құқықтық кеңесіне жүгінген жөн.

Алина ӘБУ 
Ақмола облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің бас маманы – сот отырысының хатшысы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...

ПРЕСТУПЛЕНИЕ: ОТ СООБЩЕНИЙ К ПОХОРОНАМ

ДОЛГОЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ОТСУТСТВОВАЛО САМО ПОНЯТИЕ СТАЛКИНГА КАК САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПРОТИВОПРАВНОГО ДЕЯНИЯ. НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО ЖЕРТВЫ НЕРЕДКО СООБЩАЛИ О НАВЯЗЧИВЫХ ЗВОНКАХ, ПОСТОЯННОЙ СЛЕЖКЕ, УГРОЗАХ И ПРЕСЛЕДОВАНИИ, ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ БЫЛИ...

НАСЛЕДИЕ ДЛЯ МОЛОДЕЖИ

Какими должны быть современные подходы к патриотическому воспитанию молодежи...