2030 жылғы Әлем чемпионатына 64 құрама қатысады

2030 жылы футболдан әлем чемпионатына 64 ұлттық құрама қатысады. Бұл туралы Оңтүстік Америка футбол конфедерациясының (КОНМЕБОЛ) президенті Алехандро Домингес мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футболдан 24-ші әлем чемпионаты 2030 жылдың 8 маусымы мен 21 шілдесі аралығында өтеді. Әлем чемпионатының 100 жылдығына орай тарихта алғаш рет мундиаль матчтары үш құрлықтағы алты мемлекетте ұйымдастырылады.

Турнирдің негізгі ойындарын Испания, Португалия және Марокко қабылдайды. Ал 100 жылдық мерейтойға орай алғашқы матчтар Уругвай, Аргентина және Парагвайда өтеді.

ФИФА шешіміне сәйкес, турнирді қабылдайтын аталған алты мемлекет әлем чемпионатына іріктеу кезеңінсіз тікелей жолдама алады.

Уругвай, Аргентина және Парагвайда бір-бірден матч ұйымдастырылса, турнирдің басым бөлігі Еуропа мен Африкада өтеді. Ойындар Испанияның 11 стадионында, Португалияда үш стадионы мен Марокконың алты стадионында өтеді деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, биыл алғаш әлем біріншілігі 48 команданың қатысуымен алғаш рет үш елде – АҚШ, Канада мен Мексикада өтті. Турнирді Испания құрамасы жеңіп, тарихта Әлем чемпионаты мен Еуропа кубогін қатар алған алғашқы команда атанды. Тағы бір тарихи ерекшелік – Испания алдағы мундиальда өз жерінде чемпиондық атағын қорғайтын алғашқы мемлекет атанбақ.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.