Апостиль – ресми құжаттарды шетелде заңдастырудың жеңілдетілген тәртібі

Қазіргі таңда азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге тұруы немесе тұрақты тұруға көшуі жиілеп келеді. Осындай жағдайларда Қазақстан Республикасында берілген ресми құжаттарды шетелде пайдалану қажеттілігі туындайды. Мұндай құжаттардың заңды күшін растаудың кең таралған тәсілдерінің бірі – апостиль қою рәсімі.

Апостиль – құжаттың түпнұсқалығын, оған қол қойған лауазымды тұлғаның өкілеттігін және құжаттағы мөрдің немесе мөртабанның шынайылығын растайтын арнайы белгі

Апостиль құжаттың мазмұнын растамайды. Ол тек құжаттың ресми түрде берілгенін және оның ресімделуінің заң талаптарына сәйкес келетінін куәландырады. Сондықтан апостиль қойылған құжат Конвенцияға қатысушы басқа мемлекеттердің аумағында қосымша консулдық заңдастырусыз пайдаланылуы мүмкін.

Апостиль әртүрлі ресми құжаттарға қойылуы мүмкін. Олардың қатарына азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер, білім туралы құжаттар, нотариат куәландырған құжаттар, сот актілері және заңнамада көзделген өзге де ресми құжаттар жатады. Алайда әрбір құжат бойынша апостиль қоюға уәкілетті мемлекеттік орган әртүрлі болуы мүмкін.

Егер құжат апостиль қолданылмайтын мемлекетте пайдаланылатын болса, онда оған халықаралық шарттар мен ұлттық заңнамаға сәйкес консулдық заңдастыру рәсімі қолданылуы мүмкін.

Құжаттарды шетелде кедергісіз пайдалану үшін апостиль қою тәртібімен алдын ала танысып, құжатты қай орган рәсімдейтінін нақтылаған жөн. Бұл уақытты үнемдеуге және құжаттарды ресімдеу барысында туындауы мүмкін қиындықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Апостиль рәсімі халықаралық құқықтық қатынастарды жеңілдетуге бағытталған маңызды болып табылады. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді іске асыру үшін құжаттарды заң талаптарына сәйкес рәсімдеу.

 Қайып Раушангүл, Қызылорда қаласының  әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының сот әкімшісі басшысының орынбасары

Сот әдебі – сотқа деген сенімнің кепілі

Әділ сот төрелігін жүзеге асыруда сот әдебінің алатын орны...

Судебный эксперт и специалист – строитель в современном обществе и судопроизводстве

В статье рассматриваются процессуальное положение эксперта и специалиста строителя...

Кассациялық сот – заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ететін сот сатысы

Қазақстан Республикасында сот жүйесін жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан реформалардың...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ: САПА, ЗАҢДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Азаматтардың мемлекеттік қызметтерді сапалы, уақытылы және заң талаптарына сәйкес...

Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі 23 шілдеде басталады

Қазақстандағы Құрылтай сайлауына қатысатын барлық 7 саяси партия өздерінің...