Ресми ортада қазақ тілінің қажеттілігі артуы тиіс

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап тіл мәселесі өзектілігін жоғалтқан емес. Осыған орай, елімізде тіл саласын дамыту мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Конституцияға сәйкес Қазақстанда мемлекеттік тіл қазақ тілі болып бекітілген. Сондықтан, мемлекеттік тілге және оның мәртебесіне қойылатын талаптар мемлекеттік тілді қолданылу моделінің негізгі өлшемдері болуы тиіс, яғни, қазақ тілін дәйекті түрде дамыту қажет.

Ана тілін меңгеру- оны сақтаудың ең басты шарты болғандықтан, қазақ халқының тілін меңгеру және қолдану үшін жағдай жасауға міндеттейді.

Тіл саласына байланысты елімізде түрлі реформалар жүзеге асырылса да, тілдің мемлекеттік мәртебесін толық көлемде жүзеге асыру мүмкін болмай отыр.Қазақ тілінің проблемалары олардың нақты мемлекеттік мәртебе алу қажеттілігімен ғана шектелмейді.Сонымен қатар, күнделікті өмірде, қоғамдық ортада оның қолданылу аясын кеңейтуде.

Тіліміздің басты құндылықтарының бірі- ресми ортада қарым-қатынас жасауда еркін сөйлеуге мүмкіндік береуінде.Тіліміздің көп салалығы мен көркемдігі ақын-жазушыларымыздың шығармаларында айрықша көрініс тауып, жоғары деңгейде суреттеледі. Әдеби туындыларымыздың арқасында біз тіліміздің осыншалық деңгейде көркем екендігіне көзіміз жетіп отыр.

Ғасырлар бойы тіліміздің тағдыры үшін күрескен бабалар арманы орындалуға тиіс. Қазақ тілі-ұлттың жаны, халықтың рухани байлығы. Сондықтан әрбір азамат мемлекеттік тілді құрметтеп, оның дамуына өз үлесін қосу қажет. Тіліміздің мәртебесі биіктеп, болашақ ұрпаққа таза күйінде жетуі-баршамыздың ортақ міндетіміз.

Исаева Ақерке Төлеуғазықызы, Шалқар аудандық соты әкімшісінің жетекші маманы 

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...