Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау – ортақ міндет

Балалардың құқықтарын қорғау – құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларының бірі. Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың құқықтары Конституциямен, Баланың құқықтары туралы заңмен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен қорғалады.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың басты мақсаты – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету. Бұл соттар ата-ана құқықтарын шектеу немесе айыру, баланың тұрғылықты жерін анықтау, бала асырап алу, қорғаншылық және қамқоршылыққа қатысты дауларды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын әкімшілік және қылмыстық істерді қарайды.

Мұндай істерді қарау кезінде сот әрбір баланың мүддесін бірінші орынға қояды. Судьялар заң талаптарын сақтай отырып, баланың пікірін, жас ерекшелігін, психологиялық жағдайын және өмір сүру ортасын жан-жақты зерделейді. Қажет болған жағдайда психологтар, педагогтер, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері қатысады.

Балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда ата-ананың, мектептің, мемлекеттік органдардың және қоғамның бірлескен жұмысы маңызды. Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және отбасылық тәрбиені нығайту – құқық бұзушылықтың алдын алудың басты тетіктері.

Баланың қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуы – елдің болашағына салынған инвестиция. Сондықтан әрбір азамат балалардың құқықтарын құрметтеп, олардың заңды мүдделерін қорғауға өз үлесін қосуы тиіс.

Абитай Р.Д. Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маман

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...