Ұлттық домбыра күніне арналған мәдени іс-шара өтті

2026 жылғы 5 шілдеде Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №21 ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде Ұлттық домбыра күніне арналған мәдени іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шара аясында домбырада ойнау өнерін меңгерген екі сотталған айтыс жанрында өз өнерлерін көрсетті. Қатысушылар домбыраның сүйемелдеуімен суырыпсалма айтыс орындап, қазақ халқының бай мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін, сондай-ақ орындаушылық шеберліктерін паш етті.

Іс-шара жылы әрі шығармашылық атмосферада өтіп, қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Осындай мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұлттық мұраны сақтауға және дәріптеуге, сотталғандардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ олардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне оң ықпал етеді.

Мұндай іс-шараларды өткізу мекемедегі тәрбиелік жұмыстың маңызды бағыты болып табылады және ұлттық құндылықтарға құрметті қалыптастыруға, патриоттық сезімді нығайтуға әрі сотталғандардың қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етеді.

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...