
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық топтың мүшесі Б. Ахметова Қарағанды облысының онкологиялық диспансері қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өткізді.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі нормалары түсіндіріліп, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметінде туындауы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, қатысушыларға мүдделер қақтығысын болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


