Тіл – ел тірегі

Тіл – әр халықтың ең басты байлығы мен рухани қазынасы. Тіл арқылы ұлттың тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі ұрпақтан ұрпаққа жетеді. Қазақ тілі -мемлектіміздің тұғырлы тірегі,  мызғымастығымыздың бірден бір кепілі.

Менің ойымша, ана тілін құрметтеу – әр адамның азаматтық парызы. Өз тілін білетін адам өз халқының тарихын, мәдениетін және ұлттық құндылықтарын терең түсінеді. Қазақ тілі – қазақ халқының жаны мен рухын танытатын қасиетті тіл.

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді дамытуға үлкен көңіл бөлініп жатыр. Қазақ тілін оқыту сапасы жақсарып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл жастардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді. Осыған орай, өз арамызда мемекеттік тілді қолдау және оның қолданыс аясын кенейту мақсатында аудандық және оларға теңестірілген соттар арасында «Тіл мәртебесі -ел мәртебесі »байқауын жыл сайын өткізу үдеріске айналды.

Сонымен бірге, көптеп ашылып, қызмет көрсетіп жатқан қазақ тілі курстары,  тіл үйрену онлайн платформалары мен мобильді қосымшалардың пайдасы тілді меңгерушілерге мүмкіндіктерді кеңейтуде. Заманауи цифрлық ортаның арқасында қазақ тілің өз ниетімен оқып үйреніп жүрген қаншама өзге ұлт өкілдері бар. Ал сол азаматтардың  кейбірі әлеуметтік желілер арқылы тілді менгеріп жатқанын дүйім жұртқа жария көрсеткені, қазақ тілін менгерушілер санының артуына себепші серпіліс болуы мүмкін екені қатты қуантады.

Сонымен қатар, басқа тілдерді білу де маңызды. Дегенмен, қандай тілді меңгерсек те, өз ана тілімізді бірінші орынға қоюымыз керек. Өйткені тілін жоғалтқан халық өзінің ұлттық болмысынан да айырылуы мүмкін.  Осыдан  қазақтың белгілі ақыны Қадыр Мырза Әлінің атақты қанатты сөзі: «Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» деген сөзі еске түседі.

Қорытындылай келе, тіл – халықтың рухани тірегі, елдің бірлігінің негізі. Әрбір азамат қазақ тілінің мәртебесін көтеруге өз үлесін қосуы тиіс. Ана тілімізді құрметтеп, оны келер ұрпаққа аман жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман сот отырысының хатшысы А.Т.Медеева

Ценности, приоритеты, вызовы

Конституционная реформа в Казахстане стала важным этапом модернизации государственного управления и укрепления принципов демократического правового государства. Как известно, с 1 июля 2026 года в нашей стране вступает в законную силу новая Конституция. В этой связи в Казахском национальном университете им. аль-Фараби 2 июля состоится Международная научно-практическая конференция на тему: «Новая Конституция Республики Казахстан: новые ценности, новые вызовы, ответственность перед будущими поколениями».

Направление дела судом прокурору

В соответствии со ст. 323 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан,...

Об особенностях назначения на должности судей

АДМИНИСТРАТИВНЫЙ ПРОЦЕДУРНО-ПРОЦЕССУАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ЗА ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ СТАЛ...

АТА ЗАҢ — АЗАТ ЕЛДIҢ АР-НАМЫСЫ

1 шілдеден бастап жаңа Конституциямыз қолданысқа енеді. Бұл – Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға. Себебі, осы күннен Қазақстанның құқықтық шежіресінің жаңа парағы ашылып, жаңа кезеңі басталады.

Ана тілімнің дамуы – елімнің дамуы

Ата Заңымыз Қазақстан Республикасы Конституциясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі...