Ана тілімнің дамуы – елімнің дамуы

Ата Заңымыз Қазақстан Республикасы Конституциясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп анық көрсетілген.

Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан асыл мұрасы десек қателеспейміз. Ана тілі арқылы халықтың тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі мен рухани құндылықтары ұрпақтан ұрпаққа жетеді. Сол себептен де қазақ тілінің дамуы – еліміздің дамуы мен өркендеуінің маңызды көрсеткіші.

Жалпы, мемлекеттік тіл — еліміздің халқын, бірнеше ұлттың басын қосатын, біріктіретін, ортақ істерге жұмылдыратын, патриоттық сезім ұялататын бірден-бір құрал. Ана тілін құрметтеу – өз еліңді, туған жеріңді, ұлтыңды құметтеу деген сөз.

Елімізде мемлекеттік тілдің тұғырын көтеру саясатын қолдау мақсатында, қазіргі таңда сот саласында мемлекеттік тіліміздің деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің біріне айналып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен бақылауға алынып отыр. Яғни, сот саласында құжат айналымында қазақ тілін қолдану, істерді мүмкіндігінше қазақ тілінде қарау мәселесі әрдайым бақылануда.

Мәселен, статистикаға сәйкес, Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылдың 5 айында барлық кіріс құжатының (хат-хабарлар, азаматтық іс бойынша талап арыздар мен арыздар, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша материалдар) мемлекеттік тіліндегі үлесі бар болғаны 65%-ға жуығын ғана құраған, бұл көрсеткіш өте аз десе де болады.

Жалпы, әлемдегі барлық өркениетті, дамыған елдердегідей еліміздің мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда қызмет істейтін барлық қызметкерлер мемлекеттік тілді білуі қажет деп санаймын. Онсыз ол мемлекеттік тіл болып есептелмесі анық. Әсіресе, жастардың қазақ тілінде еркін сөйлеуі, оны күнделікті өмірде қолдануы – болашаққа жасалған үлкен қадам.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өз тарапынан мемлекеттік тілдің тұғыры мен мәртебесін көтеру мақсатында судьялардың, сот қызметшілерінің және баспасөз қызметінің мемлекеттік тіл тақырыбында мақалалары БАҚ-нда тұрақты түрде жарияланып тұрады.

Қорытындылай келе, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, дамыту өз қолымызда екенін ұмытпайық. Ана тілімізді дамыту арқылы біз еліміздің болашағын нығайтамыз. Қазақ тілі – тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің және татулығымыздың тірегі десек артық емес. Өйткен, қазақ тілі — әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, әдемі тілдердің бірі деген ойдамын.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Лаура Агинбаева

Направление дела судом прокурору

В соответствии со ст. 323 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан,...

Об особенностях назначения на должности судей

АДМИНИСТРАТИВНЫЙ ПРОЦЕДУРНО-ПРОЦЕССУАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ЗА ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ СТАЛ...

АТА ЗАҢ — АЗАТ ЕЛДIҢ АР-НАМЫСЫ

1 шілдеден бастап жаңа Конституциямыз қолданысқа енеді. Бұл – Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға. Себебі, осы күннен Қазақстанның құқықтық шежіресінің жаңа парағы ашылып, жаңа кезеңі басталады.

«Өнегелі отбасы – қоғам көркі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Жамбыл облыстық сотының бастамасымен және Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен...

Медиация – қоғамдағы келісім мен татулықтың кепілі

Медация қоғамдағы әлеуметтік шиеліністі төмендетуге, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға...