Медация қоғамдағы әлеуметтік шиеліністі төмендетуге, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және қоғамдық келісімді нығайтуға қызмет етеді.
Сот тәртібінде қаралатын істердің санын азайтып,оларды шешудің баламалы тәсілін қолдану, оның ішінде бітімгершілік рәсімдері ретінде медиацияны кеңінен қолдану –адам құқықтарының әділ сақталуының кепілі деуге болады. Мысалы, талап қоюлар тіркелген соң татуластырушы судьяға беріледі. Судья тараптарға татуластыру рәсімінің тиімділігін, сотқа дейінгі хаттама жасау, медиатор немесе өкілінің шақыру құқығын және татуласудың салдарын түсіндіреді.
Сот тараптарға дауды процестің барлық сатысында реттеуге жәрдемдеседі,яғни талап қою соттың іс жүргізуіне түскен күннен бастап, іс бойынша түпкілікті шешім қабылданғанға дейін тараптар дауды бейбіт жолмен реттей алады.
Жәнібек аудандық сотында да медиация рәсімі кеңінен қолданылуда. Сотқа келіп түскен талап қоюлар бойынша тараптарға татуласу мүмкіндіктері түсіндіріліп, дауды өзара келісім арқылы шешудің артықшылықтары жеткізіледі. Нәтижесінде көптеген істер медиация тәртібмен аяқталып, тараптар өзара тиімді келісімге қол жеткізуде.
Медиация- қоғамдағы келісім мен татулықтың кепілі, ал келісім мен татулық –ел дамуының берік негізі.
Е.Б.Алипкалиев, аудандық сотының төрағасы


