«Пробация» республикалық профилактикалық іс-шарасы өтті

2026 жылғы 25–27 маусым аралығында республика көлемінде «Пробация» республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты – пробация есебінде тұрған сотталғандар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың пробациялық бақылау талаптарын сақтауын тексеру және профилактикалық жұмыстарды күшейту.

Іс-шара барысында Тараз қалалық №2 пробация қызметі тарапынан есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, олармен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Сондай-ақ сот жүктеген міндеттерді орындау барысы бақылауға алынып, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Тараз қалалық №2 пробация қызметі алдағы уақытта да қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жалғастырады.

Тараз қалалық пробация қызметінде 267 сотталған тұрады. Аталган профилактикалық іс шара бойынша тексерісте барлығы қамтылды. 2 сотталғанның жаза өтеу шарттарын бұзғаны анықталды. 1 сотталғанға катысты бас бостандыгынан шектеу жазасынын өтелмеген бөлігін бас бостандыгынан айыру жазасына алмастыру мәселесін шешу үшін іс құжаттары сотқа жолданды.

А.Б. Сихымбаева, Тараз қалалық №2 пробация қызметі бастығының орынбасары, әділет капитаны

Почему люди верят фейкам?

ЗА ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ ПРЕВРАТИЛИСЬ ИЗ ПЛОЩАДОК ДЛЯ...

Укрепление партнерских отношений

В Алматы в стенах Казахской академии спорта и туризма...

Верность профессии

В Алматинском городском суде по случаю выхода в почетную...

 В «серой» зоне 

НОВОСТЬ ОБ ОЧЕРЕДНОЙ БЛОКИРОВКЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСА И ЗАКРЫТИИ САЙТА «КЫЗДАР....

Между долгоми жизнью

ИСТОРИЯ ЕРБАЯНА МУХТАРА СТАЛА ОДНОЙ ИЗ САМЫХ ИЗВЕСТНЫХ И...