Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге қабілетті» атты Жолдауында Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап, қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге, жаңғыртуға бағытталған бес негізі басымдылықты белгілеп берді. Мұнда бесінші басымдықтың бірі- сыбайлас жемқорлықпен күрес. Онда: — «Сыбайласжемқорлықтың себептері мен алғышатттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет.Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нарсе бүкіл қоғамның белсене атсалуысына байланысты.
Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу жалпыға ортақ міндет.
Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге тиіс.
Қазақстан бүгінгі таңда экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрған кезеңінде сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын-алу және оны ескерту жұмыстарын ұйымдастыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Болашақта біздің ұрпағымыз қандай мемлекетте өмір сүретіні заң орындаушы әрбір Қазақстан азаматын ойландыратыны анық. Олар болашақта Қазақстанды парақорлыққа және сыбайластыққа малынған мемлекет ретінде емес, гүлденген және ілгері жылжыған мемлекет ретінде көргілері келеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жетістіктерге сыбайластықтың қай түрі болмасын пайда болуына бұқаралық топтардың атсалысуы жағдайында ғана жетуге болады. Өйткені сыбайластық тек “алушының” ғана емес “берушініңде” өзекті мәселесі. Сыбайластың тамырына балта шабылса, жемқорлықтың да жолы кесілері анық. Мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтындардың өзгенің тағдырына, жұмысына деген немқұрайлылығы, қарапайым анықтама алуы үшін шеті мен шегі жоқ кезек көптеген азаматтар мемлекеттік қызметкерлерді пара алуға өздері арандатады. Өйткені халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімділік жетіспейді. Осындай олқылықтарға жол беруден аулақ болған жөн.
Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады. Заң бұзушылықтар орын ала тұра құқығы бұзылған азаматтар дер кезінде құқық қорғау органдарына хабар бермегендіктен, кінәлі тұлғалар жауапкершіліктен құтылып кетеді.
Мемлекеттік орган мен мекеменің лауазымды адамдарының Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі шегінен шыққан әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жергілікті органына, прокуратура органдарына немесе сотқа шағым беруге болатынын ауданымыздың әрбір азаматы есте сақтағаны жөн.
Халқымызда «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген қанатты сөз бар. Сондықтан, Президент жолдауында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттілігін атап көрсетті.
Нұрлан Татенов, Тараз қаласының мамандандырылған тергеу сотының аға сот приставы


