Полицейлер 1 миллион теңге төленбеген айыппұлы бар автокөлік иесін анықтады

Түркістан облысының полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында заманауи технологияларды тиімді пайдалануда.
Мәселен Кентау қаласының полицейлері «Қорғау» жүйесі арқылы жылдамдықты шамадан тыс асырған «Chevrolet Cobalt» автокөлігін анықтады. Тексеру барысында жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзғаны, сондай-ақ 1 миллион теңгеден астам төленбеген айыппұлы бары белгілі болды. Автокөлік айыптұраққа қойылды.
Жалпы жыл басынан бері 151 құқық бұзушылық дерегі анықталып, олар бойынша тиісті шаралар қабылданған.
Алдағы уақытта да полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейте түсетін болады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...