Қауіпсіздік күзетіндегі бір күн

Созақ ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция инспекторы Байжігіт Жұмаш күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қызмет атқарады.

Патрульдік полиция қызметі таңертеңгі нұсқамадан басталып, белгіленген аумақта патрульдеумен жалғасады. Қызмет барысында жол қозғалысы ережелерінің сақталуы бақыланып, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтарға қажетті көмек көрсету жұмыстары жүргізіледі.

Полиция қызметкерінің басты мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заң талаптарын түсіндіру және қоғамдық тәртіпті сақтау. Созақтық тәртіп сақшылары халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін тәулік бойы қызмет етуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Тіл болашағы — ұлт болашағы

Тіл – халықтың мәдениеті мен тарихын ұрпақтан ұрпаққа...

Республика күні: Отанға деген құрмет пен патриоттық рухты қалыптастыру

Абай облысы бойынша №21 мекемеде Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі...

Республика күніне орай сотталғандар арасында мерекелік іс-шаралар өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...