Орташа қауіпсіздік мекемесінде Ұлттық домбыра күніне арналған мәдени-ағартушылық іс-шара өткізілді

Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Цемент кентіндегі бөлімшесі Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде Ұлттық домбыра күніне арналған мәдени-ағартушылық іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау, рухани-адамгершілік тәрбиені нығайту және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру болды.

Іс-шара аясында қазақ және әлем әдебиетінің таңдаулы туындылары, тарихи-танымдық басылымдар мен көркем әдебиеттер қойылған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар ұсынылған әдебиеттермен танысып, өздерін қызықтырған шығармалар туралы ақпарат алды.

Кездесу барысында кітапхана қызметкерлері кітаптың адам өміріндегі маңызы, оның білім беру, тәрбие және тұлғаның рухани дамуына қосатын үлесі туралы айтып, оқырмандармен еркін пікір алмасты. Сондай-ақ Ұлттық домбыра күнінің маңызына, қазақ халқының ұлттық өнері мен мәдени мұрасын насихаттауға ерекше көңіл бөлінді.

Сонымен қатар, мекеме кітапханасының қорын толықтыру мақсатында Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Цемент кентіндегі бөлімшесі қайырымдылық негізде әртүрлі жанрдағы 30-ға жуық кітапты сыйға тартты. Сыйға берілген әдебиеттердің қатарында қазақ және әлем классиктерінің шығармалары, тарихи-танымдық және көркем әдебиеттер бар. Бұл кітаптар мекеме кітапханасының оқырмандарына қолжетімді болып, олардың дүниетанымын кеңейтуге, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және бос уақыттарын тиімді өткізуге ықпал етеді.

Мекеме әкімшілігі кітапхана ұжымына көрсеткен қолдауы мен ынтымақтастығы үшін алғыс білдіріп, мұндай мәдени-ағартушылық іс-шаралардың сотталғандардың рухани дамуына, дүниетанымының кеңеюіне және қайта әлеуметтенуіне оң әсер ететінін атап өтті.

Сотталғандардың мәдени және рухани әлеуетін арттыруға бағытталған осындай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Абай облысындағы әйелдер колониясында «Күшіміз бірлікте» атты тренинг өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында қызметкерлерге арналған «Күшіміз...