«Жаңа белес» жобасының ашылуы және осы жоба аясында алғашқы шеберлік көркем сурет сабағы өткізілді

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті мен «Қазақия» қоғамдық қоры арасында жасалған меморандум негізінде №79 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматшаларға арналған «Жаңа белес» жобасы жүзеге асырылуда.

Жобаның негізгі мақсаты – сотталған азаматшалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың қолөнер және көркем шығармашылық саласындағы дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға ықпал ету.

Жоба аясында қатысушыларға сурет өнері, киіз басу, шашақпен тоқыма қолөнері, былғарымен жұмыс жасау және кимешек тігу өнері бойынша шеберлік сабақтары өткізілетін болады.

Жобаның алғашқы күнінде қатысушылар сурет өнері бойынша сабаққа қатысып, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін шыңдауға мүмкіндік алды. Сабақ барысында бейнелеу өнерінің негізгі әдіс-тәсілдері түсіндіріліп, тәжірибелік жұмыстар жүргізілді
Жоба ағымдағы жылдың 15 шілдесіне дейін жалғасады. Оқу курсын толық аяқтаған қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталады.
Аталған жоба сотталған азаматшалардың әлеуметтік бейімделуіне, шығармашылық әлеуетін арттыруға және болашақта жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға бағытталған маңызды бастама болып табылады.

Мемлекеттік тілге құрмет – елге құрмет

Тіл – әрбір халықтың баға жетпес байлығы, рухани қазынасы,...

Заңнама талаптарының сақталуы туралы түсіндірме жұмыстары

Мемлекеттік қызмет саласындағы маңызды міндеттердің бірі - мемлекеттік қызметшілердің...

Тіл болашағы — ұлт болашағы

Тіл – халықтың мәдениеті мен тарихын ұрпақтан ұрпаққа...

Республика күні: Отанға деген құрмет пен патриоттық рухты қалыптастыру

Абай облысы бойынша №21 мекемеде Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі...