Абай облысындағы әйелдер колониясында «Күшіміз бірлікте» атты тренинг өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында қызметкерлерге арналған «Күшіміз бірлікте» атты психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараны Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құраммен жұмыс тобының аға инспектор-психологы Әлия Қарасаева ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұжымның бірлігін нығайту, командалық рухты күшейту, қызметкерлер арасындағы өзара түсіністік пен сенімді дамыту, сондай-ақ қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптастыру болды.

Тренинг аясында командалық ойындар, психологиялық жаттығулар және қатысушылардың өзара іс-қимыл деңгейі мен эмоционалдық жағдайын анықтауға бағытталған тестілеу өткізілді. Қызметкерлер тапсырмаларды орындауға белсенді қатысып, өзара қолдау көрсетудің, бастамашылдықтың және командада тиімді жұмыс істей білудің жоғары деңгейін танытты.

Осындай іс-шараларды өткізу эмоционалдық жүктемені азайтуға, қызметкерлердің кәсіби ынтасын арттыруға, корпоративтік мәдениетті нығайтуға және әрбір адамның әлеуеті тиімді өзара іс-қимыл мен ортақ жауапкершілік арқылы ашылатын біртұтас әрі ұйымшыл ұжым қалыптастыруға ықпал етеді.

– Мұндай тренингтердің жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын нығайтуда маңызы зор. Олар сенім, өзара түсіністік пен қолдау атмосферасын қалыптастыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде қызметтік міндеттердің сапалы орындалуына және бүкіл ұжым жұмысының тиімділігіне оң әсерін тигізеді, – деп атап өтті мекеме басшысы Уалихан Жумашев.

Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына...