26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған айлық аясында Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №79 мекемесінде сотталған азаматшалар арасында «Заң және тәртіп» тақырыбында интеллектуалдық сайыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге баулу, құқық бұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Сайыс барысында қатысушылар құқықтық білімдерін сынап, Қазақстан Республикасының заңнамасы, есірткі қылмыстарының салдары, құқықтар мен міндеттерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, түрлі логикалық тапсырмалар мен танымдық кезеңдер ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.
Шара қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталып, барлық қатысушыларға заңды құрметтеу мен қоғамдағы тәртіпті сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.


