Заң мен тәртіп – кез келген мемлекеттің берік іргетасы, қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Заң үстемдік құрған елде азаматтардың құқықтары қорғалып, әр адамның еркін өмір сүруіне жағдай жасалады. Сондықтан заңды құрметтеу мен тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Қазіргі қоғамда заң мен тәртіптің маңызы бұрынғыдан да арта түсті. Технологиялардың дамуы, ақпарат ағынының көбеюі адамдардың құқықтары мен міндеттеріне деген жауапкершілікті күшейтуді талап етеді. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Сондықтан әр азамат өз құқықтарын ғана емес, міндеттерін де жақсы меңгеруі қажет.
Тәртіп – мәдениеттіліктің, жауапкершіліктің және адамгершіліктің белгісі. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, жол қозғалысы ережелерін орындау, өзгелердің құқығын құрметтеу – заңға бағынудың қарапайым көріністері. Осындай әрекеттер арқылы қоғамда өзара сенім мен сыйластық қалыптасады.
Заң мен тәртіптің сақталуы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға да ықпал етеді. Әділдік пен ашықтық қағидаттары орныққан ортада заң бұзушылықтарға жол берілмейді. Әр азамат заң талаптарын орындап қана қоймай, құқық бұзушылықтарға бейжай қарамауы тиіс. Бұл – ел болашағына қосылған маңызды үлес.
Ұлы ойшылдар әділ қоғамның негізі заң екенін әрдайым атап өткен. Заңға бағынған халықтың бірлігі нығайып, мемлекет дамудың жаңа белестеріне көтеріледі. Ал тәртіп орнаған жерде тұрақтылық, бейбітшілік және өркендеу болады.
Қорытындылай келе, заң мен тәртіп – тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Әр адам заңды құрметтеп, тәртіпті сақтаған жағдайда ғана әділетті, қауіпсіз әрі дамыған мемлекет қалыптасады. Заңға деген құрмет – Отанға деген құрметтің айқын көрінісі.
Ұлытау облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
сотының төраға м.а. Альжанова А.А.


