Кассациялық сот жүйесі – азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Құқықтық мемлекет құрудың басты қағидаттарының бірі — әрбір азаматтың әділ сот төрелігіне қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету. Осы орайда сот жүйесіндегі кассациялық сатының рөлі ерекше. Кассациялық сот жүйесі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, сот тәжірибесінің бірізділігін қалыптастыруға және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге қызмет етеді.

Сот актілерімен келіспеген тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен оларды қайта қарау туралы өтініш жасауға құқылы. Кассациялық сатының негізгі мақсаты — соттардың материалдық және процестік құқық нормаларын дұрыс қолдануын тексеру. Бұл ретте кассациялық сот іс бойынша қабылданған шешімдердің заңдылығы мен негізділігіне құқықтық баға береді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша да кассациялық тәртіп маңызды құқықтық тетік болып табылады. Себебі әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы сот төрелігінің басты міндеттерінің бірі саналады. Кассациялық саты соттардың құқық нормаларын қолдануда жіберген қателіктерін анықтап, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда сот жүйесін жетілдіруге бағытталған реформалар аясында кассациялық өндірістің тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл азаматтардың сот қорғауына қолжетімділігін кеңейтіп, әділдік қағидаттарының толыққанды жүзеге асырылуына ықпал етеді. Сонымен қатар кассациялық соттардың құқықтық ұстанымдары төменгі сатыдағы соттардың біркелкі сот тәжірибесін қалыптастыруына негіз болады.

Кассациялық сот жүйесінің тағы бір маңызды міндеті — сот төрелігінің сапасын арттыру. Соттардың заңдарды дұрыс және біркелкі қолдануы қоғамдағы құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, азаматтардың сот билігіне деген сенімін нығайтады.

Әділ сот төрелігі — құқықтық мемлекеттің негізі. Сондықтан кассациялық сот жүйесінің тиімді қызметі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, заң үстемдігін қамтамасыз етудің және қоғамдағы әділеттілікті нығайтудың маңызды кепілі болып қала береді.

   Н. Кеулімжаева,   Қызылорда қаласының

әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі

     мамандандырылған сотының бас-маман

                             сот отырысының хатшысы

Цифрландыру жағдайындағы сот архиві

Қазіргі қоғам дамуының негізгі үрдістерінің бірі – қарқынды дамып келе жатқан цифрландыру үдерісі. Осыған байланысты соттарда электрондық сот ісін жүргізу енгізіліп, құжаттарды сақтау, есепке алу және пайдалану үдерістерін жетілдіру мақсатында электрондық архив...

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ – ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН

Ұлы ағартушының туғанына 185 жыл Қазақ халқының тарихында елдің рухани...

Государственная служба: новые правила, новые возможности

Новый Закон Республики Казахстан «О государственной службе» вступил в...

Призвание – спасать: кинолог Алмас Жандаулетов

 Кинологическим подразделением оперативно-спасательного отряда ДЧС Туркестанской области руководит Алмас...

Туған тілім – тұғырым

          Тіл – адамзат қауымының өркениетке жеткізген ең ұлы...