Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында гір көтеруден турнир ұйымдастырылды. Спорттық іс-шара салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дене шынықтыруды дамытуға және сотталғандар арасындағы тәртіпті нығайтуға бағытталған тәрбиелік жұмыстар аясында өткізілді.
Жарысқа спортқа қызығушылық танытып, дене дайындығымен тұрақты түрде айналысатын сотталғандар қатысты. Қатысушылар әртүрлі салмақ дәрежелері бойынша бақ сынасып, өздерінің күш-қуатын, төзімділігін және спорттық рухын көрсетті. Турнир әділ бәсеке мен өзара құрмет атмосферасында өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер мекеме әкімшілігінің грамоталары және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Ұйымдастырушылар қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін және спорттық нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысын атап өтті.
– Біз үшін мұндай іс-шаралардың маңызы зор. Спорт дене дайындығын сақтауға, мінезді шыңдауға және өзіңмен жұмыс істеуге қосымша ынта береді. Жарыстарға қатысу өз күшіңе деген сенімді арттырып, жаңа жетістіктерге ұмтылуға мүмкіндік береді, – деп бөлісті сотталғандардың бірі.
– Спорттық жарыстар сотталғандардың бойында оң өмірлік ұстанымдарды қалыптастырып, тәртіпті, жауапкершілікті және алға қойған мақсаттарға қол жеткізу қабілетін дамытады. Біз мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлеміз, өйткені олар ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға оң әсер етіп, сотталғандардың мекемеде болған уақытын тиімді өткізуіне ықпал етеді, – деді сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ермек Рахимов.


