
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Мен әкімшілік соттың аға сот приставы ретінде сот ғимаратындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, келушілердің қауіпсіздігін сақтауға және сот қызметінің қалыпты жұмыс істеуіне жауаптымын. Өз қызметімді атқару барысында заңдылық, әділдік және адалдық қағидаттарын қатаң ұстанамын.
Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісі мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіріп, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін
төмендетеді. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өз міндеттерін адал орындап, заң талаптарын бұлжытпай сақтауы қажет. Мысалы, сотқа келген азаматтың кезексіз кіруіне жағдай жасау немесе белгілі бір артықшылық көрсету үшін қандай да бір сыйақы ұсынуы заңға қайшы әрекет болып табылады. Мұндай жағдайда сот приставы заң талаптарын басшылыққа алып, ұсыныстан бас тартуы және белгіленген тәртіп бойынша тиісті шаралар қабылдауы тиіс.
Сот приставының негізгі міндеттерінің бірі – сот отырыстары кезінде тәртіпті қамтамасыз ету, сотқа құрмет көрсетілуін бақылау және сот төрағалық етушісінің өкімдерін орындау. Осы міндеттерді атқару барысында барлық азаматтарға тең қарап, қызметтік өкілеттіктерді жеке мүддеге пайдалануға жол бермеу маңызды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет әр қызметкердің жауапкершілігінен басталады. Адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстана
отырып, біз заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға үлес қосамыз. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік таныту – әрбір мемлекеттік қызметшінің басты ұстанымы болуы тиіс.
Осы тұрғыда, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында сот қызметкерлерінің қатысуымен апта сайын жедел кеңес өткізіліп отырады. Жедел кеңесте барлық сот қызметкерлерінің еңбек тәртібінің сақталуы, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың болдырылмауы, олардың алдын — алуы және соттардағы бақылау — өткізу режимінің күшейтілуі, судьялар мен мамандарға қойылатын жоғары әдеп талаптары, біздер, секілді жас мамандарға тараптармен процестен тыс қарым — қатынасқа түсуге жол берілмеуі жөнінде сот төрағасымен ескертіліп отырады. Сыбайлас жемқорлық — мемлекетті іштен ірітетін ең қауіпті құбылыс. Онымен күрестің ең тиімді жолы — заңды сақтау. Заңның үстемдігі – елдің тұрақтылығы мен болашағының кепілі.
Ақтөбе облысының
мамандандырылған әкімшілік сотының
аға сот приставы Л.Бисалина


