Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиада аясында шахмат және тоғызқұмалақтан турнир өткізілді

№20 мекемесінде Абай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдерімен бірлесіп, жазғы спартакиада аясында сотталғандар арасында шахмат және тоғызқұмалақтан турнир ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, ұлттық құндылықтарды насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және оларды спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Турнир барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, стратегиялық ойлау қабілетін, сабырлылық пен жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Шахмат пен тоғызқұмалақ ойындары өзара құрмет пен әділ бәсеке жағдайында өтіп, логикалық ойлау дағдыларын дамытуға, зияткерлік әлеуетті арттыруға және спорттық рухты нығайтуға ықпал етті.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, ұйымдастырушылар тарапынан марапатталды.

«Осындай жарыстарды өткізу сотталғандардың зияткерлік әлеуетін дамытуға, өзін-өзі тәртіпке келтіру дағдыларын қалыптастыруға, ұтымды ойлау қабілетін арттыруға және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындар арқылы ұлттық мәдениет пен дәстүрге деген қызығушылық артады. Бұл тәрбиелік жұмыстың маңызды бағыттарының бірі болып табылады», – деп атап өтті САТжӘПЖБ бөлімінің бастығы, әділет капитаны Мақсат Серікханов.

Мұндай іс-шаралар сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне оң әсерін тигізіп, олардың өзін-өзі дамытуға деген ынтасын арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және оң өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал етеді.

В области Абай среди осужденных, состоящих на учете службы пробации, прошел шахматный турнир

В Кокпектинском районе области Абай службой пробации Департамента уголовно-исполнительной...