Абай облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлерінің үш буыны Қазақстанның мемлекеттік рәміздері аясында бас қосты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде «Үш буын – бір ел» атты патриоттық акция өтті.

Іс-шара ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, қызметтік дәстүрлерді сақтауға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Акцияның негізгі бөлігі қылмыстық-атқару жүйесінің үш буын өкілдерін біріктірген символикалық композиция болды. Олардың қатарында ҚАЖ ардагері, Ауған соғысының қатысушысы Ержан Қалмақбаев, тәжірибелі қызметкер – жедел бөлімнің жедел уәкілі Шолпан Алимгазина және ведомство қатарына жақында қосылған жас қызметкер – тәрбие бөлімінің жасақ бастығы Арсель Айдынов болды. Мұндай формат ұрпақтар арасындағы үзілмес байланысты, кәсіби тәжірибенің сабақтастығын және ортақ құндылықтарға адалдықты айқын көрсетті.

Іс-шараның маңызын арттырған жайттардың бірі – қызмет ардагері Ержан Қалмақбаевтың қатысуы болды. Ол патриоттық дәстүрлерді сақтаудың және мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетудің маңыздылығына тоқталды.

— Мемлекеттік рәміздер – біздің тарихымыздың, тәуелсіздігіміздің және ұлттық бірлігіміздің көрінісі. Олар әрбір азаматқа Отан алдындағы және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілікті еске салады. Жас қызметкерлер осы құндылықтарды терең түсініп, қызметтің үздік дәстүрлерін лайықты түрде жалғастыруы маңызды, — деді Ержан Қалмақбаев.

Акция барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына, Мемлекеттік Елтаңбасына және Мемлекеттік Әнұранына құрмет көрсетті. Бұл рәміздер еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің, халық бірлігінің басты нышандары болып табылады.

Мекеме бастығының міндетін атқарушы Айдын Қалелов мұндай іс-шаралардың ұжымдағы патриоттық рухты және корпоративтік бірлікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

— Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет өз еліңе, оның тарихы мен заңдарына деген құрметтен басталады. Бүгінгі акция қызметкерлер арасындағы ұрпақтар сабақтастығының, қызметтік борышқа адалдықтың және ұжымымызды біріктіретін ортақ құндылықтардың жарқын көрінісі болды, — деді Айдын Қалелов.

Три поколения сотрудников УИС по области Абай объединились под государственными символами Казахстана

В преддверии Дня государственных символов Республики Казахстан в учреждении...

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды жүйесі қалыптастырылды

Үкімет  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті және әлеуметтік бағдарланған...

Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізгі өлшемі

Қазіргі таңда заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері айрықша...