4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында патриоттық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихы мен маңызы туралы ақпарат беріліп, мемлекеттік рәміздерді құрметтеудің маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ танымдық дәріс өткізіліп, викториналық сұрақтар қойылды.
Шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың азаматтық жауапкершілігін арттыру, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-шара соңында қатысушылар мемлекеттік рәміздердің ел бірлігі мен тәуелсіздігінің маңызды нышандары екенін атап өтті.


